Қоғам

Қарашада қай зодиак белгісіндегілердің қалтасы қалыңдайды

© Photo : CC0 / pixabay.comастрология
астрология - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2021
Жазылу
Астрологтар Қытай (Шығыс) күнтізбесі бойынша күздің соңғы айы ерекше сәтті болатын үш зодиакты атады

Олар сәттілік пен қаржы жағынан табысқа кенеледі, деп жазды "Московский Комсомолец" Sohu-ға сілтеме жасап.

Жолбарыс (1926, 1938, 1950, 1962, 1974, 1986, 1998, 2010)
Қарашада жолбарыстардың қаржылық жетістіктері таң қалдыруы мүмкін. Талмай жұмыс істесе, осы жылдары туған адамдар өздерінің жоспарын оңай жүзеге асырып, байлығын еселей алады. Ол үшін жолбарыстар ұстамды болып, қарым-қатынасқа жиі түсуі қажет.

Қоян (1927, 1939, 1951, 1963, 1975, 1987, 1999, 2011)
Қараша қояндар үшін өте жақсы кезең болмақ. Бұл зодиак иесі іс пен мансапта жетістікке жетеді, табысы да артады. Қомақты мөлшерде ақша табудың үлкен мүмкіндігі күтпеген жеңіс болуы мүмкін.

Доңыз (1935, 1947, 1959, 1971, 1983, 1995, 2007, 2019)
Доңыз жылы дүниеге келгендер бірқатар сәттілікке кенеледі. Ол үшін көп еңбектену қажет, сонда сыйақы да көп күттірмейді. Ақша көп болады, көптен күткен байлыққа дәл осы қарашада кенеледі.

Қытай жұлдызнамасы – қытай мәдениетінде қалыптасқан астрологиялық жүйе. Соған сәйкес әр ай қасиетті 12 жануардың бірі арқылы белгіленеді. Шығыс жұлдызнамасына сәйкес, жер бетіндегі барлық тіршілік иесі мен заттар бес негізгі элементтен тұрады – жер, ағаш, от, металл және су.

Көк жолбарыс – 2022 жылдың символы

Келе жатқан жаңа 2022 жылдың символы – көк су жолбарысы. Астрологтар бұл жыл көптен бері жұмыс ауыстырғысы келіп жүргендер үшін қолайлы екенін айтты. Сонымен қатар бұл өзгеріс бәрін түбегейлі өзгертуі мүмкін, тіпті қызмет түріне де әсер етеді.

Тұрғылықты жерін ауыстырғысы келетінде үшін де тиімді жыл болмақ. Жолбарыс – тәкаппар, бостандық сүйетін және бірбеткей жануар, алайда су жартқыштың мінезін тыныштандырады. Алайда судың да үнемі құбылып тұратынын ұмытпаған жөн. Ол да бірде тыныш, бірде толқыннан цунамиге дейін жетеді.

Жаңа 2022 жылы қалай сәттілікке жетуге болады

Жолбарыс фигурасы келесі жылға тұмар болуы мүмкін. Әйнектен жасалған мүсін тиімді болады. Алайда жаңа жыл басталғанға дейін (Шығыс күнтізбесі бойынша жолбарыс жылы 2022 жылдың 1 ақпанында енеді) былтырғы символды түгел алып тастау керек. Себебі жолбарыс қызғанып, бір жыл сәттілік мойын бұрмай кетуі ғажап емес.

Бұған дейін астролог қандай зодиак белгісіндегі әйелдер ең ақылды екенін айтты. Олардың қатарында таразы, сарышаян, балықтар, тауешкі және суқұйғыш бар.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0