Білім

Белгілі қазақстандық ғалым өмірден өтті

© Sputnik / Абзал Калиевгүлдер
гүлдер - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2021
Жазылу
Серік Смайылұлы Қирабаев 1927 жылы 23 наурызда Қарағанды облысы Жаңарқа ауданында туған

АЛМАТЫ, 26 қазан – Sputnik. Филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Қирабаев 95 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Қаралы хабарды айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Көрнекті әдебиеттанушы ғалым, сыншы, академик Серік Қирабаев ағайымыз дүниеден озды. Алла алдынан жарылқасын!", - деп жазды Дүйсенғазы.

Серік Смайылұлы Қирабаев 1927 жылы 23 наурызда Қарағанды облысы Жаңарқа ауданында туған.

1951 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітіргеннен кейін аспирантурада оқып, "Әдебиет және искусство" журналының бөлім меңгерушісі болып істеген.

1952-1955 жылдары "Пионер" журналында редактор, 1955-1958 жылдары "Социалистік Қазақстан" газетінде меңгеруші, редакция алқасы мүшесі болды.

1958 жылдан Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында 30 жыл бойы доцент, профессор, филология факультетінің деканы, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, институт ректорының оқу ісі бойынша орынбасары қызметін атқарды.

1988-1995 жылдары Қазақ КСР ғылым академиясының Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры болды.
Қазақ әдебиетінің өзекті мәселеріне арналған сын мақалалары мен рецензиялары 1948 жылдан бастап жарық көрген. Содан бері 800-ден астам әдеби сын, ғылыми мақалалары мен еңбектері жарық көрді.

1957 жылы Спандияр Көбеевтің жазушылық жолы жайында кандидаттық диссертация қорғады, 1964 жылы "Сәкен Сейфуллин" монографиясы негізінде докторлық диссертация қорғады. 1994 жылы "Жүсіпбек Аймауытов" атты кітабы ҚР ҰҒА-ның Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығына ие болды.

Серік Қирабаев Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Жаңалықтар
0