Аңдатпа

Қазақстанда 26 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневВиды города Нур-Султан
Виды города Нур-Султан  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 26-27 қазан аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

26 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде: санитарлық-эпидемиялық жағдай, халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар. Тікелей трансляцияны PrimeMinister.kz сайты мен әлеуметтік желіден көріңіздер.

10.00 – Дүниежүзілік бейбітшілік пен дамуға арналған ғылым күні қарсаңындағы ІІІ Нобель фестивалі (Nobel Fest). Фестиваль "Бүгінгі болашақ" тақырыбына арналған және ол "жасыл" шынайылық, инновациялар ғасыры, жаңа дәуір мүмкіндіктері, адамдарға арналға экономика бағыттарын қамтиды. Фестиваль аясында Нобель сыйлығының лауреаттары, жетістік үшін берілетін беделді ғылыми сыйлық иегерлері, ірі корпорация мен халықаралық ұйым басшылары, отандық және халықаралық жетекші сарапшылардың қатысуымен қазіргі заман проблемаларына арналған 30 панельдік сессия өтеді. Осы жылы фестиваль спикерлері қатарында бар азаматтар: Пол Милгром – Экономика бойынша 2020 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты, Тавакуль Карман – 2011 жылғы Бейбітшілік Нобель сыйлығының лауреаты, Хуан Малдасена – 2012 жылғы фундаменталды физикадағы серпіліс үшін берілген Сыйлық иегері, Юваль Ной Харари – "Адамзаттың қысқаша тарихы" және "Болашақтың қысқаша тарихы" бестселлерлерінің авторы, Мо Гавдат – "Бақыт формуласы. Өз қуаныш алгоритіміңізді құрастырыңыз" бестселлерінің авторы, "Google X" бұрынғы бас коммерциялық директоры, Люк Джулия – Apple Siri негізін қалаушы, Гаррик Хиллеман – криптовалюта жөніндегі танымал сарапшы және басқалар (Тіркелу үшін сілтеме бойынша өтіңіз. БАҚ-ты аккредитациялау +7 747 148 43 82 нөмірі арқылы және kalibekov@inpolicy.net электронды мекенжайы арқылы жүзеге асырылады, Instagram: @nobel_fest).

12.00 – "Достық пен қулық" концерті ("Жастар" театры, І.Есенберлин көшесі, 10).

19.00 – "Кыз Жібек" спектаклі ("Астана Опера" театры, Камералық зал, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

18.30 – "Шағала" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

18.30 – "Мөлдір махаббат" драмасы (Әуезов атындағы драма театр, Абай даңғылы, 103).

19.00 – "Сухишвили" Грузия балеті (Абай атындағы МОБАТ, Қабанбай батыр көшесі, 110).

19.00 – "Утопия. Возвращение в сон" спектаклі ("Дом" кеңістігі, Бәрібаев көшесі, 36).

19.30 – "Праздник джаза" фестивалі (Н.Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

27 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

АЛМАТЫ

10.00 – "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің тіл саясаты" ІІ Халықаралық конгресі. Шара ұйымдастырушысы және серіктестері қатарында – "Россотрудничество" федералдық агенттігі, А.С.Пушкин атындағы Мемлекеттік орыс тілі институты, Қазақстан орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қауымдастығы, Алматыдағы Орыс үйі.

Конгреске Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Өзбекстан, Украинадан келген 150-ден астам ғалым, оқытушы, маман, сарапшылар қатысады. Шараға қатысушылар ұлтаралық байланыстағы мемлекеттік, ресми, ана тілдердің өзара әрекеттесуі үшін жағдай жасау мәселелерін талқылайды (Rahat Palace Hotel, Сәтпаев көшесі, 29/6. Байланыс телефоны: +7 777 966 00 88).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0