Әлем

Адамдардың парашютпен суға құлаған сәтінің видеосы тарады

© Sputnik / Анатолий Устиненко27-й открытый чемпионат ВС РК по классическому парашютному спорту
27-й открытый чемпионат ВС РК по классическому парашютному спорту - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2021
Жазылу
Ұшып келе жатқан парашютші үлкен жылдамдықпен екінші адамның парашютімен соқтығысып, екеуі қатар құлады

АЛМАТЫ, 25 қазан – Sputnik. Түркияның Фетхие ауданындағы Өлітеңіз әуе ойындары фестивалі кезінде парашютшілер ауада соқтығысып, теңізге құлады. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады, деп хабарлайды Sputnik Turkiye.

​Жиырма бірінші халықаралық әуе ойындары фестивалі 20 қазанда басталды. Апат та дәл осы күні болған.

Жоғарыдан ұшып келе жатқан парашютші үлкен жылдамдықпен екінші адамның парашютімен соқтығысып, екеуі қатар құлады.

Оқиға салдарынан үш адам жараланды. Оларды теңізден Фетхие құтқарушылары жағаға шығарып алды.

Бәрі ауруханаға жеткізілді, бір парашютші ауыр хәлде жатыр, екеуінің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Жаңалықтар
0