Әлем

Өзбекстанда президент сайлауының алдын ала қорытындысы қандай

© Sputnik / Алексей Дружинин / Медиабанкке өтуПрезидент Узбекистана Шавкат Мирзиёев
Президент Узбекистана Шавкат Мирзиёев - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2021
Жазылу
Өзбекстанның орталық сайлау комиссиясы 24 қазанда өткен президент сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады

АЛМАТЫ, 25 қазан – Sputnik. Өзбекстанда ел тарихындағы жетінші президент сайлауы өтті. Өзбекстандағы сайлауда елдің қазіргі президенті Шавкат Мирзиеев жеңіске жетті – ол қазірге дейін сайлаушылардың 80,1% дауысын жинады, деп хабарлады орталық сайлау комиссиясы.

25 қазан сағат 16.00-де орталық сайлау комиссиясы төрағасы Зайниддин Низамходжаев осындай мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Өзбекстан ОСК төрағасы Зайниддин Низамходжаевтың айтуынша, 16 036 914 сайлаушы кандидаттарға дауыс беруге келді.

© Sputnik / Абзал КалиевӨзбекстанда сайлау өтті деп танылды
Өзбекстанда президент сайлауының алдын ала қорытындысы қандай - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2021
Өзбекстанда сайлау өтті деп танылды

Өзбекстанда сайлау өтті деп танылды, жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-ге қарай сайлаушылардың 33,6%-ті дауыс беруге келді. Сайлау өтті деп танылу үшін бұл көрсеткіш 33%-тен асуы қажет еді, деп хабарлайды РИА Новости.

Сондай-ақ 19,86 миллион азамат дауыс беруге құқылы болды. 2016 жылы елдегі алдыңғы президент сайлауына 17,95 миллион азамат келді.

Сайлау кезінде қандай да бір өрескел бұзушылық тіркелмеген. Партиялар орталық және өңірлік штабтарға мұндай факті бойынша арыз түспегенін жеткізді. Алайда Өзбекстан орталық сайлау комиссиясы басшысының орынбасары Бахром Кучкаров сайлауда "отбасылық" дауыс беру болатынын хабарлады, яғни бір отбасы өкілі қалған мүшелерінің атынан дауыс берген.

2021 жылғы президент сайлауына Өзбекстанда ресми жұмыс істейтін бес кандидат қатысты: Шавкат Мирзиеев (Өзбекстанның либералды-демократиялық партиясы), Максуда Варисова (Өзбекстанның халық-демократиялық партиясы), Бахром Абдухалимов ("Адолат" социал-демократиялық партиясы), Әлішер Қадыров ("Миллий тикланиш" демократиялық партиясы) және Нарзулло Обломурадов (экологиялық партия). Кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт науқаны 20 қыркүйекте басталды.

© Sputnik / Абзал КалиевӨзбекстанда мемлекет басшысы бес жылда бір рет сайланады
Өзбекстанда президент сайлауының алдын ала қорытындысы қандай - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2021
Өзбекстанда мемлекет басшысы бес жылда бір рет сайланады

Дауыстарды санау барысында комиссия мүшелері бюллетеньдер арасында бүлінген қағаз көп екенін байқаған. Сайлаушылар өзі дауыс берген адамның аты көрсетілген жерге белгі қойып, қалған кандидаттардың аты көрсетілген тұсқа сызықша қойған. Алайда бюллетеньде бір ғана белгі қоюға болады және бұл туралы учаскедегі ақпараттық стендтерде де айтылған.

Өзбекстан азаматтары дауыс беруі үшін Қазақстанның барлық өңірінде сайлау учаскесі ұйымдастырылды. Нұр-Сұлтанда Қазақстандағы Өзбекстан елшілігінің аумағында кандидаттардың бірі үшін дауыс беруге болады.

Өзбекстанда мемлекет басшысы бес жылда бір рет сайланады. Алайда 2016 жылдың 4 желтоқсанында 1989 жылдан бері елді басқарған президент Ислам Каримовтың қайтыс болуына байланысты кезектен тыс президент сайлауы өтті. Ол 78 жасында инсульттан қайтыс болды. Содан кейін елдің премьер-министрі болған Шавкат Мирзиеев сайлауда жеңіске жетті.

Жаңалықтар
0