Оқиға

Көкшетауда моншаға барған үш бала уланды – тергеу басталды

© Sputnik / Александр Гальперин / Медиабанкке өтуСауна
Сауна - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2021
Жазылу
Алдын ала болжам бойынша, моншада үш бала хлор буына уланған. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан - Sputnik. Көкшетауда кәмелет жасына толмаған балалар моншаға барған кезде уланып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Облыстық көпбейінді балалар ауруханасына кәмелет жасына толмаған үш бала түскені туралы телефон арқылы хабарлама келді. Олар жеті, тоғыз және 17 жаста. Диагноз – химиялық затпен улану", - деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Алдын ала болжам бойынша, балалар хлордан уланған.

Ал көпбейінді балалар ауруханасында қазіргі уақытта стационарда зардап шеккен балалардың арасындағы ең үлкені ем алып жатқанын хабарлады.

"Үш бала түсті. Жеті және тоғыз жасар екі баланы үйіне жібердік. Оларды ауруханаға жатқызудың қажеті  болған жоқ. 17 жастағы науқастың жағдайы – орташа ауыр", - деді медициналық мекеменің бас дәрігерінің орынбасары Жанар Әубәкірова.

Осы факті бойынша қылмыстық кодекстің 306-бабы 2-бөлігі ("қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Жаңалықтар
0