Видео

Депутаттар Қазақстанның Орталық Азиядағы көшбасшылығы жайлы не ойлайды – видео

Жазылу
Биыл Қазақстан тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеді. Кеңес Одағы құрамынан шыққаннан кейін ел басшылығы мен түрлі сарапшылар республиканы Орталық Азия лидері деп атады

Қазақстанның өңірдегі көшбасшылығы туралы айтатындардың басты аргументі жер көлемі, қазба байлығы, шетелдік инвестициялар мен тұрақты саяси ахуал болатын.

Қазақстан әлі де осы мәртебеге ие ме? Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында Sputnik Қазақстан тілшілері мәжіліс депутаттары арасында сауалнама жүргізді.

Депутат Елнұр Бейсенбаев Қазақстан Орталық Азияда әлі де көшбасшы саналатынын және тәуелсіздік жылдарындағы басты жетістік елдің жаңа астанасы екенін айтты.

"Менің ойымша, біз әлі де лидерміз. Көршілес, бауырлас елдермен бөлісе алатын оң тәжірибеміз бар. Жаңа астана – Нұр-Сұлтанның бой көтеруі, Орталық Азияның бірде бір мемлекеті әлі мұндай қала салған жоқ", - дейді ол.

Мәжілісмен Ерлан Сайыров ЖІӨ деңгейі бойынша Қазақстан әлі күнге Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Түрікменстан арасында бірінші орында екенін мәлімдеді.

Депутат Юрий Ли де Қазақстан Орталық Азия лидері деп санайды. Бірақ, айтуынша, бәсекелес елдерді де естен шығармаған жөн. Мәжілісменнің пікірінше, Қазақстанның басты бәсекелесі – Өзбекстан.

Жаңалықтар
0