Өңірлер

Екібастұзда саябаққа "бомба қойылды"

© Sputnik / Ruslan Krivobok / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2021
Жазылу
Белгісіз біреу полицияға телефон соғып, қалалық саябақтардың біріне бомба қойылғанын айтқан

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Бомба туралы жалған хабар таратқан Екібастұз тұрғыны қылмыстық жауапқа тартылады, деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өткен сейсенбі, 19 қазан сағат 20.35-те Екібастұз қаласының полициясына белгісіз біреу телефон соғып, саябақтардың біріне бомба қойылғанын айтты.

Оқиға орнына дереу шұғыл күштер аттанды. Саперлер мен кинолог қызметтік итпен бірге бүкіл аумақты мұқият қарап шықты, алайда жарылғыш зат табылмады.

Осыдан кейін жедел уәкілдер бомба жайлы хабарлаған адамды іздеуге кірісті. Ол 66 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ер адам полицияға қоңырау шалғанда мас болған.

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабы "Терроррлық акті туралы көрінеу жалған ақпарат" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бұл бап бойынша кінәлі адамға 5000 АЕК-ке дейін (14 585 000 теңге) айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзету жұмыстарына тартылады, не бес жылға дейін бас бостандығы шектеледі немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Полиция құқық қорғау органдарында мұндай әзілқойларды табу үшін қажетті техникалық мүмкіндіктер бар екенін еске салды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0