Күннің жылы сәулесіне ұйытқыған алтын түстес күз бе, әлде қызғылт түсі басым, көңілді көтеретін күз бе? Бәлкім, жаз мезгіліндегідей әлі де жасыл маусым ба?
Күз сондай алуан түрлі! Бірақ барлық кезде ерекше, өз атмосферасы мен көңіл-күйі бар кезең. Аяқ астындағы сары жапырақтардың сыбдыры көңілге тыныштық сыйлап, аспан түсі де айрықша болады. Мұндай сәтте түрлі ой жетегінде кетіп, уақыттың зымырап бара жатқаны жайлы толғанғың келе береді.
Лондоннан Нұр-Сұлтанға дейінгі күз келбетін суреттер топтамасынан көре аласыздар.

Мәскеуде бойжеткен сары жапырақ басқан көгал үстінде суретке түсіп отыр.

2/13
© AP Photo / Robert F. Bukaty
Американың Мэн штатындағы күз. Қайыққа мінген екі ер адам қызғылт түске енген ағаштар жанынан жүзіп барады.

Уэльстің Лланберис ауылындағы күз.

Беларусьтегі күз.

5/13
© REUTERS / Lisi Niesner
Венада бойжеткендер күн сәулесіне қыздырынып отыр.

Калифорния штатындағы көпірді қаумалап тұрған сары жапырақтар.

Краснояр өлкесінде пойыз Енисейді бойлап, күзгі тайга маңынан өтіп барады.

Канададағы шуақты күз.

9/13
© REUTERS / Henry Nicholls
Лондон саябағында жапырақтары сарғая бастаған ағаштар.

10/13
© AFP 2024 / John Macdougall
Берлиндегі күз.

11/13
© AP Photo / Keith Srakocic
Пенсильвания штатындағы күз көрінісі.

Швециядағы күзгі бұлыңғыр күн.

13/13
© Sputnik / Владислав Воднев
Нұр-Сұлтандағы күз мезгілі. Құс ұшар биіктіктен түсірілген көрініс.
