Қоғам

Жұмыс беруші вакцинасыз қызметкерлерді жұмыстан шеттете алады – министрлік

© AFP 2024 / SAFIN HAMEDМедик в защитном костюме набирает в шприц вакцину от коронавируса
Медик в защитном костюме набирает в шприц вакцину от коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2021
Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігі 1 қыркүйектен бастап ұжымдарда вакциналау паспортын жаппай тексеру шаралары басталады деген ақпарат таратқан

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі вакцина алмаған немесе ПТР-тест тапсырмаған адамдарды жұмысқа кіргізбеу мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бас мемлекеттік еңбек инспектор Төлеген Оспанқұловтың айтуынша, бүгінде осы мәселеге қатысты арыз-шағым көптеп түсіп жатыр. Бірақ жұмыс берушінің талабы заңға қайшы емес.

"Дүйсенбіден бастап денсаулық сақтау минстрлігінің тиісті нормасы күшіне енді. Оған сәйкес, жұмыс беруші вакцина алмаған немесе ПТР-тест тапсырмаған адамды жұмысқа кіргізбейді. Иә, заңнамада коронавируспен ауыратын адамды жұмысқа кіргізбеу туралы тікелей норма жоқ. Бірақ Еңбек кодексінің 48-бабы 1-тармағында заңнамалық актілер мен мемлекеттік органдар актілері негізінде тиісті шешім шығарылады деп жазылған", - деп атап өтті Оспанқұлов.

Оның сөзіне қарағанда, Денсаулық туралы кодекс бойынша санитарлық дәрігер қаулысы міндетті түрде орындауға жататын құжат болып саналады. Сол себепті жұмыс беруші адамды жұмыстан шеттете алады. Жұмыс беруші ақша төлемеуі де мүмкін. Алайда екі тарап келісімге келсе, жалақының жартысын немесе еңбекақының ең төменгі мөлшерін алуға мүмкіндік бар.

Вакциналау паспортын тексеру шаралары

Денсаулық сақтау министрлігі 1 қыркүйектен бастап ұжымдарда вакциналау паспортын жаппай тексеру шаралары басталады деген ақпарат таратқан.

Ал қазан айында жұмысқа шығардың алдында міндетті вакциналаудан өтуді ресми түрде бекітті. Осыған байланысты денсаулық сақтау министрінің қосымша бұйрығы да шыққан. Ол құжат 17 қазанда күшіне енді.
Сол кезде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев та жұмысқа кіргізу тәртібін түсіндірді. Вакцина алмаған адам жеті күнде бір рет ПТР-тест тапсырады немесе вапкцина алуға болмайтынын растайтын анықтама көрсетеді. Ал КВИ-мен ауырып шыққандар үш ай бойы екпе салдырмаса да болады.

Жаңалықтар
0