Денсаулық

Қазақстанда тағы 36 адам коронавирустан қайтыс болды

© AFP 2024 / STRАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2021
Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігі бір тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19-дан 32 адам, ал ковидтік пневмониядан төрт адам көз жұмды.  

Бір күн бұрын індеттен 41 науқастың қайтыс болғаны хабарланған еді.

Пандемия басталғалы республикада коронавирустан 11 879 адам, ал COVID-19 белгілері бар пневмониядан 4 992 адам көз жұмды.  

22 қазандағы мәлімет бойынша, 51 216 адам коронавирус инфекциясынан (–44 962 + және 6 254 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 851 пациент стационарда, 42 365 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Індетке шалдыққандар арасында:

  • 625 адамның жағдайы ауыр,
  • 172 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 109 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Оқи отырыңыз: 

Маман балалар коронавирусты қайдан жұқтыратынын айтты

Қазақстанда Pfizer вакцинасын алу ережесі бекітілді

Жаңалықтар
0