Өңірлер

Алғашқы жұмыс күні болған: министрлік жұмысшы өліміне қатысты түсініктеме берді

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото
Полицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2021
Жазылу
Петропавл қаласында жылу магистралі құрылысы кезінде бетон плита опырылып, ер адамның үстіне құлаған

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Петропавлда болған қайғылы оқиғаны бақылауға алды. Ер адам бір-ақ күн жұмыс істеп, бетон плитаның астында мерт болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұловтың айтуынша, жұмыс беруші еңбек заңнамасын өрескел бұзған.

"Иә, ондай факт бар. Біз осы мәселемен екі күннен бері айналысып жатырмыз. Жазатайым оқиға болды. Ол кісі бір-ақ күн жұмыс істеді. Жұмыс беруші болса, заңнаманы өрескел бұзған. Жұмысшының еңбек келісімшарты болмаған. Оған қорғаныс құралдары да берілген жоқ. Жұмысқа шығар алдында ешқандай нұсқаулық берілмеді", - деді Оспанқұлов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Арнайы комиссия тергеуді дұрыс өткізбеген. Осыған байланысты тергеуді қайта өткізуге тапсырма берілді.

"Тергеу жүргізген комиссия осы оқиғаның өндіріске қатысы жоқ деген қорытындыға келді. Біз осы мәселені бақылауға алдық. Солтүстік Қазақстан облыстық еңбек инспекциясына тергеуді қайта бастауға тапсырма берілді. Біз әділдік орнатамыз деп ойлаймын. Қолда бар фактілер расталса, осы оқиғаны өндіріспен байланыстырып шығарамыз", - деп атап көрсетті бас инспектор.

Айта кетері, Петропавл қаласында жылу магистралінің құрылысы кезінде бетон плита опырылып, ер адамның үстіне құлаған. Евгений Соловьев "Новатор-строй 2020" ЖШС-інде жұмыс істеген. 14 қыркүйекте мектепке жылу құбырын тартқанда ауыр жарақат алды. Дәрігерлер 40 жастағы ер адамды құтқаруға тырысты. Бірақ бір аптадан кейін ол көз жұмды.

Жаңалықтар
0