Оқиға

Теміртауда қатардағы жауынгер өзіне оқ атып, көз жұмды

© Министерство обороны Казахстанаәскерилер
әскерилер - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2021
Жазылу
Аталған факт бойынша Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Теміртаудағы 5516 әскери бөлімінде қатардағы жауынгер өзіне оқ атып, көз жұмды, деп хабарлады Ұлттық ұланның "Орталық" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

"Оқиға 21 қазанда түнгі сағат 01.30 кезінде болған. Сарбаз қызмет барысында өзіне бекітілген қарумен басына оқ атқан. Ол шұғыл түрде қалалық ауруханаға жеткізілді. Алайда қабылданған шараларға қарамастан, оны аман алып қалу мүмкін болмады. Сағат 2.20-да сарбаз көз жұмды", - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қатардағаы жауынгер әскерге Түркістан облсынана шақырылған. Ол 20 жаста болатын. 

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0