Өңірлер

Аяқ киім бауымен буындырып өлтірген: Көкшетауда екі ер адам сотталды

© pixabayОтражение обуви в окне, иллюстративное фото
Отражение обуви в окне, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2021
Жазылу
Олар көлік дөңгелегіне ұрып сындырған бөтелке сынығымен жәбірленушінің мойны мен тамақ тұсын кесіп тастаған

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан - Sputnik. Көкшетауда Щучинск қаласында такси жүргізушісін өлтірді деп айыпталғандарға қатысты сот үкімі шықты. 23 және 21 жастағы екі жігіт қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айыпты деп танылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ақша үшін өлімге қиған

Қанды оқиға 2021 жылдың 4 мамырында Щучинск қаласында болды. Ішімдік ішкен екі жігіт такси жүргізушісінің ақшасы мен көлігін тартып алуды жоспарлаған.

Олар алдын ала келісілген рөл бойынша әрекет етті. Көшеде өтіп бара жатқан бейтаныс адамнан такси шақырып беруін өтінеді. Бірнеше минуттан кейін көлік келеді де, 21 жастағы Г. арт жақтағы жолаушы орындығына, 23 жастағы Р. жүргізуші жанындағы орындыққа жайғасады.

Жолаушыларды белгіленген мекенжайға (қылмыскерлер әдейі адам жүрмейтін көшені таңдаған) жеткізіп, жүргізуші оларға артық ақшаны қайтарған. Осы уақытта Р. оның әмиянындағы 5 500 теңгені тартып алады да, Г. таксисті тұншықтыра бастайды. Жұдырықпен бетінен ұрғаннан кейін А. есінен танып қалады.

Жолаушылар оны артқы орындыққа жатқызып, ақшасы мен телефонын алып қояды. Келтірілген шығынның жалпы көлемі 299 мың теңге. Содан кейін бірнеше сағат бойы олар Щучинск қаласы мен Қатаркөл ауылын көлікпен кезіп жүрген.

Қос сыбайлас есін жиса полицияға шағымданады деген оймен таксисті иен далаға алып барып, оны өз аяқ киімінің бауымен буындырған. Автокөлік дөңгелегіне ұрып сындырған бөтелке сынығымен жәбірленушінің мойны мен тамақ тұсын кескен.

Ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Сот үкімі

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Р. мен Г. есімді тұрғындарды қарақшылық, тонау мақсатынсыз машинаны тартып алу және дәрменсіз адамды өлтіру баптары бойынша кінәлі деп таныды.

Сот үкімімен екі жігіт те қауіпсіздік деңгейі жоғары колонияда 18 жылға жабылды. Сонымен қатар сот қайтыс болған азаматтың туыстары тарапынан түскен талапарызды, яғни, 794 520 теңге көлеміндегі материалды шығын және 10 миллион теңге көлемінде моральдық шығынды өтеу туралы өтінішті қанағаттандырды.

Жаңалықтар
0