Әлем

Жас боксшы аюмен арпаласып, оны мерт қылды

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуаю
аю - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2021
Жазылу
Ресейдің тергеу комитеті таратқан мәліметке сәйкес, аю 23 жастағы ер адамның басына және қол-аяғына тырнағымен ауыр жарақат салған

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Ресей Федерациясының Түмен облысында жас боксшы досын талап кеткен аюмен арпалысып, ауыр жарақат алса да, жыртқышты пышақтап өлтірді.

12 қазанда 48, 41 және 23 жастағы үш ер адам Ертістен балық ұстап, үйге қайтып келе жатқан. Біреуі қайықты жағаға шығарып жатқанда екеуі жоғары қарай көтеріліп кетті.

Бір кезде "Аю!" деген дауыс шықты. Артынша оқ атылды. Қайықтың жанында қалып қойған балықшы жүгіріп барса, 48 жастағы жолдасы жерде жатыр. Аю оны талап тастаған. Жігіт ашулы аюға оқ атып, артынан пышақпен бауыздаған.

Ресейдің тергеу комитеті таратқан мәліметке сәйкес, аю 23 жастағы ер адамның басына және қол-аяғына тырнағымен ауыр жарақат салған. Соған қарамастан, ол пышақты жанды жеріне сұғып, жабайы жануарды өлтірген.

Үшінші балықшы зардап шеккен жоқ. Осы оқиғадан кейін ол жарақат алған жігітті ауруханаға жеткізді.

Shot телеграм-арнасы аюды өлтірген жас жігіттің боксшы екенін хабарлады. Аты - Илья Медведев. Ол бокстан спорт шебері. Ресей чемпионаты және басқа да федералдық турнирлерге қатысқан.

Оқи отырыңыз: Алматыда тауға шыққан ер адам күтпеген жағдайға тап болды: оқиғаның мән-жайы

 

Жаңалықтар
0