Өңірлер

"Көгертпей ұрады": Батыс Қазақстан тұрғыны мектептегі әлімжеттік туралы айтты

© AP Photo / Darko Vojinovicоқушылар
оқушылар - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2021
Жазылу
Мектеп директоры мұндай жағдайдың барын жоққа шығарды. Ата-аналар әсірелеп отыр дейді

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан — Sputnik. Батыс Қазақстан облысындағы Бәйтерек ауданына қарасты Достық аулының тұрғындары балаларын сыртқа жіберуге қорқып отыр, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Ата-аналардың айтуынша, 6 және 9-сынып оқушыларын ересектер соққыға жығуды әдетке айналдырған. Бұл қылығын ауыл тентектері "тәрбие жұмысы" деп түсіндіріпті.

Ересек балалар кішілерден ұдайы амандасып, сыпайы болуды талап еткен. Ал бұған көнбегендерді соққыға жығып, қалғандарын қорқытып-үркітуге кіріскен. Амалы таусылған ата-аналар полицияға да шағымданып, арыз жазыпты.

"Балалардың денесінде көгерген жер пайда болмау үшін, бүйрегінен, жұмсақ жерінен ұрады. Тіпті бетінен ұрғанда өзіне ыңғайлы болуы үшін оқушыларды жүрелеп отырғызып қойған. Ұлыма белгісіз біреулер телефон шалып, үйден жиі кетіп қалады. Кім шақырып жатқанын да айтпайды. Ұрғандардың ішінде жоғары сынып оқушылары, мектеп түлектері, тіпті студенттер де бар", - дейді жәбірленген оқушының анасы Наталья Коркина.

Мектеп директоры мұндай жағдайдың барын жоққа шығарды. Ата-аналар әсірелеп отыр дейді. Бұл оқиғадан құқық қорғаушылар да хабардар. Жауаптылар білім ордасындағы жағдай бақылауда деп сендірді.

"Балалар сөзге келіп қалған. Бір-бірін шапалақпен ұрған. Біз бұл мәселені көтеріп, балалармен де, ата-аналармен де сөйлестік. Балалар бір-бірінен кешірім сұрап, өздерінің қателіктерін мойындады, - дейді "Достық" орта мектебінің директоры Светлана Голубева.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0