Экономика

Министр азық-түлік қашан арзандайды деген сауалға жауап бере алмады

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуДевушка выбирает елочные игрушки в магазине, архивное фото
Девушка выбирает елочные игрушки в магазине, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2021
Жазылу
Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Қазақстанда ет, өсімдік майы және қанттың қымбаттауы есебінен инфляция айтарлықтай өскенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев журналистердің Қазақстанда азық-түлік пен қызмет бағасы қашан тұрақталады деген сұрағына жауап бере алмады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, қазір үкімет жұмыс жүргізіп жатыр. Инфляцияға қарсы ден қою шараларын іске асыру жөнінде кешенді жоспар әзірленді.

"Апта сайын жиналыс өтіп, бағаны бақылап отыратын цифрлық үкімет жұмыс істейді. Нақты шаралармен байланысты сұраққа келсек, бізде екі бағытта шаралар көзделген. Жедел ден қою шаралары және жүйелік шаралар бар", - деді Ерғалиев мәжіліс кулуарында.

Журналистер министрден бұл қандай шаралар екенін және азық-түлік пен басқа да тауарлар қашан арзандайтынын нақтылауды сұрады.

Ерғалиев қазір республика бойынша 24 көтерме-тарату орталығын көздейтін ұлттық тауар өткізу жүйесінің құрылысы жүріп жатқанын түсіндірді.

"Қысқа мерзімді шаралармен байланысты мәселелер бар. Бұл бүгінде бағасы өсіп жатқан халық тұтынатын тауарларды сатып алумен байланысты мәселелер. Осы тауарлардың физикалық қолжетімділігі. Бұл тектес сұрақтарды ауыл шаруашылығы министріне қойған дұрыс", - деп кеңес берді Ерғалиев.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Қазақстанда ет, өсімдік майы және қанттың қымбаттауы есебінен инфляция айтарлықтай өскенін мәлімдеді.

Ал азық-түлікке жатпайтын инфляция 7,5%-ке дейін жылдамдаған.

Ақылы қызметтер инфляциясы, негізінен, электр энергиясы (8,3%), үй жалдау (18,6%) және көлік қызметтері (әуе көлігі – 8,7%, жүк тасымалдау – 15,5%) бағасының өсуі есебінен 6,8%-ке дейін өсті.

Жаңалықтар
0