Өңірлер

3°C аяз болады: Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады

© Sputnik / Владислав ВодневВиды города Нур-Султан с высоты птичьего полета
Виды города Нур-Султан с высоты птичьего полета - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2021
Жазылу
22 қазанда елдің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын, көктайғақ болады

АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Қазгидромет 21-23 қазанда ауа райы қандай болатынын айтты.

Синоптиктер болжамына сәйкес, 22 қазанда елдің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын, көктайғақ болады. Жел күшейіп, солтүстікте, орталықта және шығыста боран соғады.

Ауа температурасы түнде -3°C...+2°C дейін жылы болады, күндіз +2...+10°C жылы болады.

Ал 22 қазаннан бастап еліміздің батыс өңірлеріне антициклон әсер етеді. Соған байланысты жауын-шашын біртіндеп тоқтайды және күндіз ауа температурасы +15...+22°C дейін көтерілуі мүмкін.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтанда 21 қазанда күн бұлтты, аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +4°C, күндіз +9°C. 22 қазанда күн бұлтты, жаңбыр аралас қар жауады, түнде +1°C, күндіз +5°C жылы болады. 23 қазанда күн құбылмалы болады, жаңбыр аралас қар жауады. Ауа температурасы түнде +2°C, күндіз +9°C болады.

Алматыда 21 қазанда күн алабұлтты, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +8°C, күндіз +17°C. 22 қазанда күн бұлтты, жаңбыр аралас қалың қар жауады, түнде +1°C, күндіз +8°C жылы болады. 23 қазанда күн құбылмалы болады, жаңбыр аралас қар жауады. Ауа температурасы түнде +4°C, күндіз +9°C болады.

Шымкентте 21 қазанда күн құбылмалы, жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +7°C, күндіз +13°C. 22 қазанда күн құбылмалы, жаңбыр жауады, түнде +3°C, күндіз +8°C жылы болады. 23 қазанда күн ашық. Ауа температурасы түнде 0°C, күндіз +12°C болады.

Жаңалықтар
0