Өңірлер

Нұр-Сұлтанда жастар әсерлі фото үшін көпір аркасына көтерілді - видео

© Sputnik / Владислав Водневкөпір
көпір - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Полиция департаменті мұндай фотосессиялар көбінесе қайғылы жағдаймен аяқталатынын айтты

АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Елорда полициясы Қабанбай батыр даңғылындағы көпір аркасына көтерілген тәртіп бұзушыларды ұстады. Олар әсерлі фото түсіру үшін көтерілген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Нұр-Сұлтан қ. ПД (@police_nur_sultan)

Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, үш тәртіп бұзушы ұсталып, полицияға жеткізілді.

"Олардың жеке басы анықталды. Олар 18 және 19 жастағы жастар. Құқық бұзушылардың өзі мұндай әрекетке қала көрінетіндей әсерлі фотоға түсу үшін шыққанын айтты", - дейді полиция.

Тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар жастармен қоғамдық тәртіпті сақтау және келешекте құқық бұзушылыққа жол бермеу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Полиция департаменті мұндай фотосессиялар көбінесе қайғылы жағдаймен аяқталатынын айтты.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0