Өңірлер

Полицейлер Шымкентте сәбиді қоқыс жәшігіне кім лақтырғанын анықтады

© Photo : pixabay.comРука младенца, иллюстративное фото
Рука младенца, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2021
Жазылу
Нәрестенің денесі табылған қоқыс контейнерлерінің маңында бейнебақылау камералары орнатылған. Қоқыс күнде шығарылады

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан — Sputnik. Полиция қызметкерлері нәрестені қоқыс жәшігіне лақтырып жіберген әйелдің жеке басын анықтады. Сәбидің денесін Шымкенттегі мейрамхана ауласын тазалайтын қызметкерлер тапқан болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

Жергілікті Otyrar басылымының ақпаратына сәйкес, терегу кезінде полицейлер 1996 жылы туған тұрғынды анықтады. Ол полицяи бөліміне жеткізілді. 

Жаңа туған нәрестенің денесін пакетке орап, Рысқұлов көшесіндегі қоқыс жәшігіне тастап кеткен.

"Пакет пен ішіндегі мата қан-қан болды, оған сәби оралған. Шашы, аяқ-қолы мен аузы ашық. Бұл сұмдық! Біз полиция шақырдық", - деді нәрестені тапқан Ержан Байтасов КТК телеарнасына.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 100-бабы ("Жаңа туған баланы анасының өлтіруі") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оған сәйкес анасы 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мамандар қоқысқа лақтырған кезде сәби тірі болған-болмағанын анықтайды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды.

Қазанның басында осыған ұқсас жағдай Атырау облысында болды. 31 жастағы әйел жаңа туған нәрестесін көше дәретханасына лақтырып жіберген.

Оқиға 3 қазанда Индер ауданында болды. Сәбиге жансақтау бөлімінде көмек көрсетілді.

Жаңалықтар
0