Елорда тынысы

Астаналық мәслихат жаңа ақылы тұрақтар туралы ақпаратты жоққа шығарды

© SputnikСчетчик платной парковки - паркомат
Счетчик платной парковки - паркомат - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2021
Жазылу
БАҚ-та қала шетіндегі аудандарда бір сағатының құны 100 теңге болатын тұрақтар енгізіледі деген ақпарат жарияланып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан — Sputnik. Жаңа ақылы тұрақтар қою туралы жоба астаналық мәслихат қарауына ұсынылған жоқ. 

"БАҚ-та қала шетіндегі аудандарда құны сағатына 100 теңге болатын тұрақтар енгізіледі деген ақпарат жарияланып жатыр. Депутаттар  ақылы тұрақтар орнатуға қатысты жобаны мақұлдады деген мәлімет шындыққа жанаспайды. Бұл ұсыныс бүгін мәслихатқа емес, қалалық қоғамдық кеңес мүшелеріне ұсынылды. Мәселе Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты депутаттарының қарауына шығарылған жоқ", - делінген мәслихат хабарламасында.

"Астананың көлік тұрағы кеңістігі" ЖШС басшысы Шыңғыс Досыбаев жуырда Нұр-Сұлтанда жаңа ақылы тұрақтар ашылатынын айтқан болатын.

"Біз мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісімшарты негізінде 10 мың тұрақ орнын іске қосуды жоспарланған болатынбыз. Бүгінде соның 487-сі дайын, бәрін іске қосуға болады. Нұржол бульвары бар. Сосын Сарыарқа ауданында Бөгенбай батыр, Республика мен Сарыарқа даңғылдарында, сондай-ақ, жағалаудың бойында қосымша орындар дайындалды", - деді ол қоғамдық кеңес отырысында.

Бұдан бөлек, ақылы тұрақтар Алматы ауданының Тәуелсіздік даңғылы, Қажымұқан Мұңайтпасов, Мағжан Жұмабаев мен Бауыржан Момышұлы көшелерінде, Байқоңыр ауданының "Астаналык" (бұрынғы "Артем"), "Шапағат" мен "Әсем" базарлары маңайында, Есіл ауданының Сығанақ, Сарайшық, Тұран мен Мәңгілік ел даңғылында ашылады.

Қоғамдық кеңес мүшелері мектеп, аурухана сияқты әлеуметтік нысандардың жанында ақылы тұрақтарды орнатпауға ұсыныс жасады.

Айта кетері, астанадағы ақылы тұрақтардың қазіргі тарифі сағатына 100 теңгені құрайды.

Жаңалықтар
0