Спорт

Бекзад Нұрдәулетов карьерасына қатысты қандай шешім қабылдағанын айтты

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуБекзат Нурдаулетов
Бекзат Нурдаулетов - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2021
Жазылу
Ол 2016 жылы жастар арасында өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2019 жылы Ресейде өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы

АЛМАТЫ, 19 қазан – Sputnik. Бокстан әлем чемпионы – қазақстандық Бекзад Нұрдәулетов кәсіпқой боксқа ресми түрде ауысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

23 жастағы спортшы "Adal promotions" промоутерлік компаниясымен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды.

Бекзад Нұрдәулетов – 2016 жылы жастар арасында өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2019 жылы Ресей Федерациясында өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы.

Ол Токио-2020 Олимпиада ойындарына қатысты. Алайда бұл ойын Бекзад үшін сәтті болмады. 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша өткен кездесуде қазақстандық боксшыға қарсы ресейлік Имам Хатаев шықты.

Бірінші раунда Нұрдәулетов бірнеше ауыр соққы өткізіп алды. Дегенмен есесін қайтара білді. Ал төрешілердің бәрі ресейлік спортшыға жоғары ұпай берді. Екінші раунда қазақстандық боксшы өз шабуылын үдете түсті. Соның арқасында бес төрешінің үшеуі оның өнерін жоғары бағалады. Ал үшінші раундта екеуі ашық бокстасты.

Жекпе-жекті екі рет тоқтатуға тура келді. Боксшылардың екеуі де жарақат алды. Төрешілер шешімімен ресейлік боксшы жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 1:4.

Бекзад Нұрдәулетов 1998 жылы Маңғыстау облысында туған, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері.

Орта салмақтағы (72,5 кг) былғары қолғап шебері Мейірім Нұрсұлтанов та "ADAL" промоутерлік компаниясымен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды. Ол IBF тұжырымы бойынша 10 орында. Кәсіби рекорды: 14-0-0.

2014 жылы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы, 2010 жылы Иранда жастар арасында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы, 2015 жылы "Астана Арланс" командасы сапында WSB сериясының чемпионы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.
Жаңалықтар
0