Қоғам

Серік Сәпиев қызметінен кетті

© Sputnik / Абзал КалиевСерік Сәпиев
Серік Сәпиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2021
Жазылу
Сәпиев спорт және дене шынықтыру істері комитетін 2019 жылдың қаңтарынан бастап басқарды

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.

Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстанға мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі растады.

"Ол қызметінен өз еркімен кетті", - деп мәлімдеді ведомстводағылар. 

Серік Сәпиев спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басшылығына 2019 жылдың қаңтарында келді.

Серік Сәпиев – бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы (69 келіге дейін), Вэл Баркер кубогының иегері, екі дүркін әлем чемпионы (2005, 2007).

Қазақстандық танымал боксшы 2012 жылы спорттағы жолын аяқтады.

"Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы Брунель университетінде білімін шыңдады. 2014-2017 жылдары "Astana Arlans" кәсіби бокс клубының бас директоры болды.

2017 жылдың 28 ақпанынан 2019 жылдың 30 қаңтарына дейін – парламент мәжілісінің депутаты.

2019 жылдың қаңтарынан МСМ спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0