Әлем

Стенин-2021 фотобайқауының жеңімпаздары белгілі болды

© Мария Гельман, StenincontestПетербург фотографы Мария Гельманның "М+Т" суреттер топтамасы
Петербург фотографы Мария Гельманның М+Т суреттер топтамасы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2021
Жазылу
Бұл байқау фотографтарға қолдау көрсету және заманауи фотожурналистика мәселелеріне қоғам назарын аудару мақсатында қолға алынған

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан — Sputnik. Андрей Стенин атындағы Халықаралық фотожурналистика байқауының бас жүлдесі кімге бұйырғаны белгілі болды.

2021 жылы бас жүлдеге бірден екі сурет лайықты деп танылды: Петербург фотографы Мария Гельманның "М+Т" суреттер топтамасы мен Түркия репортеры Шебнем Кошкунның "Суасты әлеміне жаңа қауіп: COVID-19 қалдықтары" атты дара суреті.

Гран-при мен басқа да жүлделі орын иегерлерін жариялау байқау ұйымдастырушысы – "Россия сегодня" медиатобы мультимедиялық баспасөз орталығында онлайн шара аясында өтті.

"Фото – қазіргі уақытта ең әділ, консервативі өнер түрі, - деді "Россия сегодня" Халықаралық ақпарат агенттігі бас директоры Дмитрий Киселев 2021 жылғы байқауға ұсынылған жұмыстарға тоқталу барысында. – Суретке түсіру үшін сол адамның жанында болу керек. Ал бұл соғыс, қақтығыс болуы мүмкін. Андрей Стенин де осы секілді қауіпті орындарда жүрді".

Бас жүлдені алған екі туынды да жағдайды сурет тілімен еш боямасыз бейнелейді.

"М+Т" топтамасы – "Светлана" әлеуметтік аулында Даун синдромы бар егде жастағы жұптың арасындағы махаббат жайлы баяндайды. Бұл ауылда түрлі ментальді және физикалық даму ерекшелігі бар адамдар тәрбиешілер және волонтерлермен бірге тіршілік етеді. Мария Гельман Ленинград облысында бір жылдам астам уақыт бойы түсірген суреттер махаббатта шек жоқ екенін паш етеді.

"Андрей Стенин атындағы байқауға қатысу арқылы мен өз зерттеуіме қоғам назарын аударуға, өз пікіріммен бөлісу мүмкіндігіне ие болдым. Халықаралық деңгейде кәсіби қазылар алқасы бар, бұл байқауға мен өз жұмыстарымды жыл сайын жолдаймын. Себебі бұл пікір білдіруге лайықты алаң, жас фотографтарды қаржылай оңтайлы қолдау және жеңімпаздарды таныстырудың сәтті әдісі", - деген пікір білдірді автор. 

Түркиядағы фотограф Шебнем Кошкун фридайвер, БҰҰ суасты әлемін қорғау жөніндегі даму бағдарламасына қатысушы Шахика Эрджюмен Босфорда жүзіп жүргенін түсірген.

© Шебнем Кошкун, StenincontestТүркиялық Шебнем Кошкунның "Суасты әлеміне төнген жаңа қауіп: COVID-19 қалдықтары" атты суреті
Стенин-2021 фотобайқауының жеңімпаздары белгілі болды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2021
Түркиялық Шебнем Кошкунның "Суасты әлеміне төнген жаңа қауіп: COVID-19 қалдықтары" атты суреті

Шебнем өз суреті жайлы пікір білдіргенде, оны ерекше етуге ұмтылғанын айтты.

"Мен өз пікірімді білдіріп, проблемаға назар аударғым келді, - дейді автор. – Көп жылдан бері теңіздердің пластик қалдықтары және микропластикпен ластануы мәселесін қозғап келемін. Біз пандемияға дейін де экожүйедегі пластиктің шамадан тыс көлеміне қарсы тиімді әрекет жасай алмай келдік. Сурет Босфор бұғазында түсірілген. Мен теңіз түбіне түскенде қоқыс іздеп табамын деп ойладым. Алайда оны іздеу қажеттілігі болмады. Себебі қоқсы барлық жерде бар".

Онлайн марапаттау барысында 2021 жылғы байқау лауреаттары да белгілі болды. Қазылар алқасының мүшесі, тәуелсіз куратор және фоторедактор, "ГЕО" (GEO) неміс нұсқасында бұрын фотодиректор қызметін атқарған Рут Айххорн "2020 жыл адамзат тарихында расында да көп жағдайға байланысты ерекше жыл болды. Көп фотографтың саяхаттау мүмкіндігі болмады. Сондықтан мен аса үлкен үміт күтпедім. Алайда бірінші суреттен-ақ мен таң-тамаша болдым" деген пікір айтты.

"Басты жаңалықтар" номинациясында Индонияза фотожурналисі Джошуа Ируандидің коронавирус пандемиясы құрбандарына арналған "Коронавирустағы адамзат бағасы" атты суреті және үнді фотографы Чандан Ханнаның 2020 жылдың жазында АҚШ-тың Миннеаполис штатындағы қарсылық акциялары туралы "Жікке бөліну" атты суреті жеңіске жетті.

© Джошуа Ируанди, Stenincontest"Басты жаңалықтар" номинациясында Индонияза фотожурналисі Джошуа Ируандидің коронавирус пандемиясы құрбандарына арналған "Коронавирустағы адамзат бағасы" атты суреті
Стенин-2021 фотобайқауының жеңімпаздары белгілі болды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2021
"Басты жаңалықтар" номинациясында Индонияза фотожурналисі Джошуа Ируандидің коронавирус пандемиясы құрбандарына арналған "Коронавирустағы адамзат бағасы" атты суреті

Фотожурналист Чан Сайдың "Васалоппет Чайна-2020" суреті "Менің ғаламшарым" номинациясында дара суреттер арасында бірінші орынға лайықты деп танылды. Осы номинация бойынша топтамалар арасында испандық Луис Татоның "Африка шығысындағы шегірткелер шабуылы" атты табиғат апатына арналған суреті жеңді.

© Луис Тато, StenincontestЛуис Татоның "Африка шығысындағы шегірткелер шабуылы" атты табиғат апатына арналған суреті
Стенин-2021 фотобайқауының жеңімпаздары белгілі болды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2021
Луис Татоның "Африка шығысындағы шегірткелер шабуылы" атты табиғат апатына арналған суреті

Сириялық репортер Мунеб Таймның "Қирандылар арасындағы паркур" атты суреті жеке фотолар ішінде үздік деп танылды. Ал топтамалар бойынша бұл номинацияда ресейлік Дарья Исаева "Үйдегі Олимпиада" фотобаяны жеңімпаз атанды. Бұл топтама өткен жылдың жазында карантин кезінде де Олимпиадаға дайындықты тоқтатпаған спортшыларға арналған.

"Портрет. Біздің заманымыздың батыры" номинациясында Ресей мен Үндістан фотографтары жеңімпаз атанды. Жеке санатта ресейлік фотограф Сергей Бобылев түсірген "Біздің тұлғалар" атты адам өмірін сақтап қалу үшін арпалысқан дәрігерлер тақырыбындағы сурет жеңсе, топтамалар ішінен Үндістандағы тәуелсіз фотограф Шарафат Әлидің "Кашмир: даулы мұра" атты туындысы үздік деген атқа лайық болды.

2021 жылғы байқау лауреаттарының толық тізімі сайтта жарияланды. Сонымен қатар жеңімпаздар туындыларын көшедегі көрме форматында ұйымдастырылған Мәскеудегі Гоголь бульварында тамашалауға болады.

Дәстүр бойынша байқау аясында шараға қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды. 2021 жылы "Басты жаңалықтар", "Менің ғаламшарым" және "Портрет. Біздің заманамыздың батырлары" номинациялары бойынша жеңімпаздарға сыйлық берілді.

Біріккен Шанхай медиа тобы және Әл-Маядин Жалпыараб ақпарат холдингі сынды халықаралық жетекші медиа, сондай-ақ Халықаралық Қызыл Жарты Ай комитеті де номинациялар бойынша серіктес атанды. Серіктестердің пікірі бойынша, Джошуа Ируандидің "Коронавирустағы адамзат бағасы" мен Александр Ермоченконың "Еуропадағы қанды жарақат" фототоптамасы "Басты жаңалықтар" номинациясында Халықаралық Қызыл Жарты Ай комитетінің "Гуманитарлық сурет үшін" арнайы жүлдесіне ие болды.

Патрик Юнкер түсірген "Профилактика жасасын" атты коронавируспен алысып жатқан дәрігерлер портретінің топтамасы "Портрет. Біздің заманамыздың батырлары" номинациясы бойынша Әл-Маядиин арнайы жүлдесін алды. Ал Луис Татоның "Африка шығысындағы шегірткелер шабуылы" деректі хроникасы "Менің ғаламшарым" номинациясында Біріккен Шанхай медиа тобының жоғары бағасын иеленді.

Стенин атындағы байқау туралы

Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауын ЮНЕСКО істері жөніндегі Ресей Федерациясы комиссиясының қолдауымен "Россия сегодня" ХАА ұйымдастырып отыр. Бұл байқау жаңа фотографтарға қолдау көрсету және заманауи фотожурналистика мәселелеріне қоғам назарын аудару мақсатында қолға алынған.

"Россия-Культура" жалпыресейлік мемлекеттік телеарнасы, "Мәскеу 24" телеарнасы, Вести.Ru ақпараттық жаңалықтар порталы байқаудың бас серіктестері ретінде тіркелген.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0