НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 бен ковидтік пневмониядан қайтыс болғандар статистикасын жаңартты.
Ведомство мәліметінше, өткен тәулікте коронавирустан 24 адам, COVID-19 белгілері бар пневмониядан 7 адам көз жұмды.
Сондай-ақ өткен тәулікте 1 642 адамнан коронавирус табылса, 35 адам пневмонияға шалдықты.
18 қазандағы мәлімет бойынша, 52 825 адам коронавирус инфекциясынан (–46 275 + және 6 550 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 329 пациент стационарда, 43 496 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Індетке шалдыққандар арасында:
- 628 адамның жағдайы ауыр,
- 177 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 104 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
Оқи отырыңыз: