Қоғам

Сарапшы бала тәрбиесі үшін қауіпті мультфильмдерді атады

© Photo : Vidmir Raic теледидар алдындағы бала
теледидар алдындағы бала - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2021
Жазылу
Сонымен қатар сарапшы "Щенячий патруль", "Маленькая принцесса" және "Пожарный Сэм" мультсериалдарын да сынға алды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан – Sputnik. Балалар тәрбиесі жөніндегі кеңесші Софи Джайлз "Свинка Пеппа" мульфильмін бала тәрибесі үшін қауіпті екенін айтты, деп хабарлады The Sun.

Сарапшының пікірінше, торайлардың іс-әрекетін тамашалаған балалар тіл алмайтын болып өседі.

Мультфильмде торайлар әкесіне үнемі үстемдік жүргізеді. Және сөйлеу мәнері де бұйрық райына құрылған. Сарапшы балалар да ата-анамен қарым-қатынаста мұндай сөйлеу мәнерін қолдануы мүмкін екенін атап өтті.

"Мысалы мультфильмде анасы да, торайлар да үнемі әкесін келеке етеді. Оны ебедейсіз, аңқау деп атайды. Бұл қасиетін келемеждейді. Шын мәнінде ересек адамға мұндай қарым-қатынас аса ұнай қоймайтыны анық", - дейді ол.

Оның айтуынша, мультсериалда торайлардың ата-анасы олардың сөзінен шыға алмайды, айтқандарын екі етпей орындайды.

"Бұл шынайы өмірдегі картинаға ұқсамайды. Бала мұны қалыпты дүние деп қабылдайды. Оның қалауынан тыс нәрсе жасалғанда тулап, мінезін көрсетеді", - дейді Джейлз.

Сонымен қатар сарапшы "Щенячий патруль", "Маленькая принцесса" және "Пожарный Сэм" мультсериалдарын да сынға алды.

Сарапшы ата-аналарға шешімге келмес бұрын осы мульфильмдердің бірнеше сериясын балалармен бірге тамашалауға кеңес берді.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0