НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан – Sputnik. Көптеген елде жұмысы жолға қойылған қаржы өнімдерін салыстыратын сервис Қазақстанда да қолжетімді.
Financer.com сервисі әлем бойынша кредит және қаржы тақырыбында тегін кеңес береді. Оның міндеті – әлемнің 26 еліндегі жүздеген мың адамға ақшаны басқаруға көмектесу, қаржыны үнемдеу және жинақтарды сақтау үшін тиімді құралдарды пайдалануды үйрету. Ал сервис мамандары инвестиция өнімдерін түсінуге көмектеседі, кейбір қарыздардың артықшылығы неде екенін, сондай-ақ қандай кредит алмаған дұрыс екені туралы толық ақпарат береді.
"Біз шынайы және жаңа ақпарат ұсынуға тырысамыз. Біздің оқырмандардың сенімі – біздің басты мотивация. Қандай да бір компания туралы ақпарат жинаған кезде қолданушылардың пікірін ескеріп, негізге аламыз. Сайт қолданушыларына қызметін пайдаланған инвестиция және кредит компаниялары туралы пікір қалдыруға мүмкіндік береміз", - дейді Financer.com несие және жеке қаржы саласындағы сарапшы Евгения Николаевская.
Financer.com сервисі ипотека бағдарламалары, әртүрлі кредит және инвестициялық платформаларды салыстырып, тұтынушыға арналған қаржы қызметі нарығы туралы өзекті ақпарат береді. Сондай-ақ сайтта Қазақстанның қаржы компаниялары туралы ақпарат үнемі жаңартылады.
Бұған қоса сервис қаржы құралдарын саралау үшін кредит және процент калькуляторларын ұсынған. Яғни, кредит пен депозиттің нақты мөлшерлемесін есептеуге мүмкіндік жасалған.
Financer.com қолданушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға да басымдық берген. Оның ішінде Financer wiki бөлімі бар, ол жерде қаржы құралдары сипатталған, олардың қалай жұмыс істейтіні туралы толық ақпарат берілген. Ақпарат пен білім беру материалдарының көптігіне қарамастан, "Financer-ден сұраңыз" айдарында кәсіби мамандар қамтамасыз ететін интерактив бар, осы жерде кредиттеу, инвестициялау және тағы да басқа қаржы мәселелері бойынша сұрақтар қоюға болады.
Қазір Financer.com кредиттік ұсыныстарды салыстыруға болатын ең ыңғайлы сервис болып отыр. Сайттағы барлық шолу объективті талдауға негізделген, сондықтан мұнда сервис серіктестерінің ғана емес, нарықтағы барлық ұсыныс қарастырылған.
Айта кетері, Financer.com сервисі Бразилия, Мексика, АҚШ, Грузия, Индонезия, Қазақстан, Ресей, Болгария, Чехия, Дания, Эстония, Финляндия, Франция, Германия, Венгрия, Италия, Латвия, Литва, Нидерланды, Норвегия, Польша, Румыния, Словакия, Испания, Швеция, Украинада жұмыс істеп тұр.