Оқиға

Қазақстан аумағында жер сілкінісі болды

© Sputnik / Владислав ВодневСейсмология
Сейсмология - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2021
Жазылу
Жергілікті тұрғындар жер сілкінісінің дүмпуін сезбеген, дейді мамандар

НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан – Sputnik. "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" Қазақстан аумағында жерасты дүмпулерін тіркеді.

Жер сілкінісі 16 қазанда 21 сағат 14 минут 30 секундта болды. 

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласының солтүстік-шығыстағы 167 шақырымында тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.4. MPV магнитудасы 3.5. Тереңдігі 20 километр", - делінген хабарламада.

Жергілікті тұрғындар жер сілкінісінің дүмпуін сезбеген. 

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0