Видео

Ғарышқа аттанған тұңғыш киноэкипаж Қазақстан жеріне қонды - видео

Жазылу
Yandex newsTelegram
5 қазанда Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарышқа аттанған "Союз МС-18" Жерге оралды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан – Sputnik. Ғарышқа аттанған тұңғыш киноэкипаж мүшелері Қазақстан жеріне сәтті қонды.

5 қазанда Байқоңыр айлағынан ғарышқа аттанған "Союз МС-18" Жерге оралды.

Космонавт Олег Новицкий, киноэкипаж мүшелері актриса Юлия Пересильд пен режиссер Клим Шипенко 7.14-те (Нұр-Сұлтан уақытымен) халықаралық ғарыш станциясынан Жерге аттанды.

Ғарыш кемесі Жазқазған қаласынан 148 шақырым жерге 10.35-те қонды.

Оларды  "Роскосмостың" басшысы Дмитрий Рогозин қарсы алды.

Ғарыш кемесінің Жерге оралу сәтін Бірінші арна мен RT трансляциялады.

Тұңғыш киноэкипаждың сапары

5 қазанда Байқоңыр айлағының "Восток" старттық алаңынан "Союз МС-18" зымыранымен әлемдегі тұңғыш кино экипажы ғарышқа аттанады. "Вызов" ғылыми-танымдық жобасының мүшелері режиссер Клим Шипенко мен актриса Юлия Пересильд "Союз МС-18" орбитасына жеткізіледі. 

"Союз МС-18" кемесінің капитаны ғарышкер - Антон Шкаплеров. 

Кино түсірілімі үшін актерлер ғарышқа 12 күнге аттанды. Олар 17 қазанда оралады деп болжанған. 

"Вызов" — бұл ғылыми-танымдық жоба. Бірақ сюжет әлі де құпия сақталып отыр.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0