Ресейлік Су-25 Тәжікстанға жол тартты

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуИстребитель-бомбардировщик Су-30
Истребитель-бомбардировщик Су-30 - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2021
Жазылу
Ирак пен Сириядағы террористердің тынышсыз Ауғанстанға шоғырлануы Тәуелсіз мемлекеттер достастығына және әсіресе Орталық Азия елдеріне қауіп төндіріп тұр

Бұл күрделі жағдай әскердің соғысқа дайын болуын және ауған шекарасынан солтүстік аумақта арнайы қызметтің белсенділігін арттыруды қажет етеді.

Ресей президенті Владимир Путин 13 қазанда Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстандағы арнайы қызмет басшыларымен кездесу өткізді. Путин Ирак пен Сириядағы соғысқа қатысқан террористердің Ауғанстаннан ТМД елдеріне өту ықтималдылығы жоғары екенін айтты. Сондықтан күш құрылымдарының бірлескен арнайы операцияларға алдын ала дайындалуының маңызы зор екенін атап өтті.

Дәл осы күні Ресей барлау қызметі (Сыртқы барлау қызметі) Ауғанстандағы қазіргі жағдайдың қалай өрбитінін алдын ала болжағаны белгілі болды. Тәжікстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) ауған территориясынан есірткі заттарын, қару-жарақ, оқ-дәрі жеткізу көлемі артқанын мәлімдеді. Сондықтан жақсылықтан үміттенуге негіз болмай отыр.

Военные учения ОДКБ Рубеж-2021 в Кыргызстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2021
Тәжікстанда ҰҚШҰ-ның бірлескен оқу-жаттығулары өтіп жатыр
Біраз бұрын РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко тәліптер Ауғанстанның солтүстік провинцияларын бақылауда ұстауға қауқарлы емес екенін, Орталық Азия елдері үшін қауіпсіздікке кепіл бере алмайтынын атап өтті. "Талибан"* қозғалысының кейбір қарулы топтары Тәжікстанға басып кіруге дайын отыр.

Осы күрделі жағдайда ауған шекарасына жақын маңда ҰҚШҰ әскерінің "Жауынгерлік бауырластық – 2021" бірлескен жедел-стратегиялық оқу-жаттығуын өткізуі қажет екені байқалады. Тәжіктердің Харб-Майдон және Момирак полигондарында 18-23 қазанда өтетін маневрлерге Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстанның 5 мыңға жуық әскері қатысады. Әскери операцияларға 700-ден астам қару-жарақ пен техника жұмылдырылады. Оның қатарында 40-тан астам ұшақ пен тікұшақ (Су-24МР, Су-25, Ми-8МТВ, Ми-24) және түрлі мақсаттағы 15 пилотсыз ұшу аппараты бар.

ҰҚШҰ Бірлескен штабының басшысы Анатолий Сидоров бейсенбіде бірлескен әскери топтың күштері мен құралдары айтарлықтай артқанын мәлімдеп, оқу-жаттығулар кезінде тәжік-ауған шекарасындағы жағдайдың түрлі бағытта өрбуі қарастырылатынын айтты.

ҰҚШҰ бойынша одақтастар Ауғанстанмен шекара жанында арнайы оқу-жаттығулар топтамасына дайындықты аяқтап жатыр. Орталық әскери округтегі Су-24МР бомбалаушы және Қырғызстанда орналасқан "Кант" ресейлік біріккен базадағы Су-25 шабуылдаушы ұшақтары Тәжікстанға жеткізілді. Бірлескен оқу-жаттығу барысында ұшқыштар шартты қарсыластың нысандарын іздеу және жоюды жүзеге асырып, шабуылдаушы мотоатқыштар мен танкистерге әуеден оқ ату арқылы қолдау көрсетеді.

Су-25 шабуылдаушы ұшағы алдыңғы шептегі жылжымалы және жылжымайтын жердегі нысандарды жоюға арналған. Ол күндіз және түнде де 30 метрден 5 километр биіктікке дейін құрлықтағы әскерді тікелей қолдауда мінсіз қызмет етеді. Су-25 ұшағы виражының шағын радиусы (500 метр) шабуылдаушы ұшқыштарға оқ атуды тиімді ұйымдастырып, оқ-дәріні үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл ұшақтың ең жоғарғы жауынгерлік жүктемесі 4 тоннадан асады.

Бұл қуатты және әсбебап ұшақ 1980-жылдардың басында Ауғанстанда өзін жақсы қырынан көрсетті және осы ондаған жыл ішінде бірнеше рет модернизациядан өтті.

Маневрлерге дайындық аса мұқият жүріп жатыр. Біраз бұрын ресейлік Орталық әскери округтегі әскер қолбасшысының орынбасары Алексей Лемякин Тәжікстанда "ресейлік соғыс тәжірибесін есепке ала отырып, ҰҚШҰ Ұжымдық жедел әрекет ету күштерін матариалдық-техникалық қамсыздандыру бойынша ауқымды тапсырмалар орындалатынын" айтты.

Талибан содырлары - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2021
Талибан* Ауғанстан билігіне келді: Орталық Азия елдеріне қандай қауіп төніп тұр
"Жауынгерлік бауырластық – 2021" жедел-стратегиялық оқу-жаттығуларына ҰҚШҰ мүшесі емес Өзбекстан әскері қатыспай отыр. Бірақ ол Ұйымның қауіпсіздік аймағына жайғасып, біраз бұрын бірлескен контртеррористік маневрлерге қатысты.

Қазандағы тәліптердің сыртқы саяси белсенділігі, атап айтсақ, Дохадағы бірқатар маңызды кездесу, шетелдік гуманитарлық және қаржылай көмек алу үшін, қозғалысты халықаралық деңгейде саяси күш ретінде тану үшін жасалған қадамдар елдің экономикалық және ішкі саяси дағдарысын тежей алмайды.

Көрші елдер мен БҰҰ тәлібтер инклюзивті үкімет құру және әйелдер құқығын сақтау бойынша уәдесін орындамай жатқанын айтты. "Талибанның"* өз "бәсекелестеріне" қарсы тұруға қатысты уәдесіне қарамастан, ірі қалаларда теракт пен Ауғанстанның солтүстік провинцияларында электр жеткізу желілерін жару жалғасып жатыр.

БАҚ тәліптер билікке келгеннен кейін 17 теракт болғанын хабарлады және оның көбінің артында "Ислам мемлекеті"* тұр. Кабул, Нангархар, Парван, Кунар, Кундуздағы жарылыстардың салдарынан 600-ге жуық адам зардап шекті. 8 қазанда Ханабад уезіндегі мешіттегі жарылыс 120 адамның өмірін қиды, 160 адам жараланды. 14 қазанда Кунар провинциясында тәліптердің уездік полиция басшысы мінген автокөлік жарылды.

Ауған жерінен АҚШ пен НАТО әскері кеткеннен кейін Ирак пен Сириядағы соғыстарға қатысқан содырлар Ауғанстанға қарай ағылды. Бұл соғыстың әлі де жалғасатынын білдіреді. Кіші Ахмад Масуд жетекшілік еткен Ұлттық қарсылық майданы да тәліптермен партизан соғысын жалғастырып жатыр.

Ауғанстанда қалыптасқан жағдайды ескерсек, Тәжікстанда ҰҚШҰ әскерінің оқу-жаттығуын өткізу, Ресейдің Душанбеге әскери және әскери-техникалық көмек көрсетуі, тәжік-ауған шекарасын материалдық-техникалық тұрғыдан нығайту шаралары алдағы айларда жалғасатын секілді.

* – Қазақстанда, Ресейде және бірқатар мемлекетте тыйым салынған террористік ұйым.

Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы

Жаңалықтар
0