Оқиға

Сот орындаушысын соққыға жыққан алматылық енді оны сотқа берді

© Sputnik / Абзал КалиевДрака, иллюстративное фото
Драка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Қазан айының басында Алматы қаласында жапсарлас салынған үйді бұзуға келген сот орындаушысын баспана иесі ұрып тастады

АЛМАТЫ, 15 қазан — Sputnik. Алматылық Максот Ысқақов жеке сот орындаушы Әділ Ермековті сотқа берді. Ол сот орындаушының әрекетін заңсыз деп тануды сұрап отыр.

"Өтініш 11 қазан күні сотқа түсті. Алдын ала тыңдалым 5 қарашаға белгіленді", - деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Алматы сотының баспасөз қызметі.

Ведомствода іс әкімшілік сотта хабарланатынын дәлелдеді.

Еске сала кетері, қазан айының басында Алматы қаласында жапсарлас салынған үйді бұзуға келген сот орындаушысын баспана иесі ұрып тастады.

Ресми мәліметке сәйкес, Бостандық ауданының соты Виноградная көшесіндегі жеке меншік үйге жапсарлас салынған құрылысты бұзуға шешім шығарған. Себебі ол нысан дұрыс салынбай, бір жаққа қарай қисайып кеткен. Көрші үйге құлау қаупі бар. Бірақ иесі заңсыз салынған үй-жайды өз күшімен бұзбай қойды. 4 қазанда сот орындаушысы екі полицеймен бірге шешімді орындауға барған. Сол кезде соққыға жығылды.

Кейін сот орындаушы видео жариялап, жәбірлеушіні "түрмеге қамайтынын" айтты. Ал полицейлер болса, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін сот орындаушысына айыппұл салды. 

Сот орындаушысын ұрған Мақсот Ысқақов сот шешімін орындауға он адам келгенін жеткізді. Сот орындаушысы оған боғауыз айтқан. Содан шыдай алмай, бауырдан бір ұрған.

Алматыдағы трагедия

20 қыркүйек кешке Алматының Алатау ауданындағы қайғылы оқиға салдарынан бес адам – екі полиция қызметкері, жеке сот орындаушысы, дау шыққан үйдің жаңа иесі мен оның танысы оққа ұшты. Бесеуі де сол жерде қайтыс болды. Оларға оқ атқан - Игорь Дужнов. Ол қазір қазір қамауда отыр. 

1967 жылғы күдікті басқа адамға сатылған баспанасын босатудан бас тартқан.

 

Жаңалықтар
0