Денсаулық

Ревакцинация кезінде қандай екпені салдыру қажет – министрлік жауабы

© AFP 2024 / FRED TANNEAUШприцы с вакциной от коронавируса
Шприцы с вакциной от коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2021
Жазылу
Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі ревакцинация ережелерін жариялаған болатын. Оған сәйкес, екі дозаны алғаннан кейін 6-9 ай өтсе, қосымша бір дозаны салдыру қажет

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ревакцинацияға барған адамға қандай екпе салдыру қажеттігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бұған дейін қандай екпе алсаңыз, тура сол вакцинаны қайта салдыруға болады. Алайда бір мәселені ескеру керек. Мәселен, "Спутник V"вацинасының - екі бөлек дозасы бар вакцина. Біздің ережемізге сәйкес, ревакцинация кезінде алдыңғы екі дозаға ұқсас вакцина болады. Мысалы, қазір "Спутник Лайт" бар. Оны да өзімізде шығара аламыз. Жақын арада шығады деп ойлаймын. Негізі, бұл - "Спутник V" вакцинасының бірінші компоненті", - деді Қиясов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, ревакцинация туралы ақпарат вакциналау паспортына да жазылады. Оны алдымен дәрігерлерге, педагогтарға, полицейлерге және тағы басқа алдыңғы шепте жүрген мамандарға салады. Ал коронавирусқа қарсы вакцинаны қайтадан салдырамын дейтін адамдар ең бірінші андидененің мөлшерін біліп алуы қажет.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі ревакцинация ережелерін жариялаған болатын. Оған сәйкес, екі дозаны алғаннан кейін 6-9 ай өтсе, қосымша бір дозаны салдыру қажет. Осы орайда арнайы комиссия бірнеше ұсыныс жасады. Олар:

  • векторлық вакцинаны (Спутник V) алғандарға - ревакцинацияны 9 айдан инактивті (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе м-РНК-вакцинамен (Pfizer) жасау;
  • инактивті вакцинаны (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) салдырғандарға - ревакцинацияны 6 айдан кейін векторлық (Спутник) немесе м-РНК-вакцинамен (Pfizer) жасау;
  • м-РНК-вакцина (Pfizer) алғандар – ревакцинацияны 6 айдан кейін инактивті (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе векторлық (Спутник) вакцинамен жасау;
  • вакциналаудан кейін КВИ-мен ауырып шыққандарға – ревакцинацияны 3 айдан кейін жасау;

Ревакцинация қарашаның соңында басталады деген жоспар бар.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0