Экономика

Қазақстан Париж сотында 6,5 миллион доллар талап еткен компанияны жеңді

© Public DomainСуд, молоток, книги
Суд, молоток, книги - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2021
Жазылу
Түрік фирмасы Қазақстанның автомобиль жолдары комитетін келісімшартты заңсыз бұзды деп айыптап, 6,5 миллион доллар талап етті  

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан –  Sputnik. Париж соты "Tasyapi Insaat Taahhut San. ve Ticaret A.S." (Ташяпы) компаниясының талап арызы бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әділет министрлігіне сілтеме жасап.

Талапкер соттан бұдан бұрын шыққан төрелік шешімнің күшін жоюды талап етті. Оған сәйкес "Ташяпы" Қазақстанның пайдасына 6,7 миллиард теңге төлеуі қажет.

"Қазақстан Париж сотына "Ташяпының" талап-арызы негізсіз екенін дәлелдеді. Сонымен қатар сот "Ташяпыны" Қазақстанның 30 000 еуро көлемінде кеткен сот шығындарын өтеуге міндеттеді", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, сот талқылауына автомобиль жолдары комитеті мен түрік компаниясы арасындағы арбитраждық дау себеп болды, онда комитетке Ақтөбе-Мақат жолының құрылысы мен реконструкциясы туралы келісімшартты заңсыз бұзды деген айып тағылды. "Ташяпи" ведомстводан 6,5 миллион доллар талап етті.

2019 жылдың 3 желтоқсанында Сингапурдегі халықаралық төрелік орталығының арбитраждық соты "Ташяпының" талап-арыздарын қабылдамай, Қазақстанның қарсы талаптарын қанағаттандырған еді.

Оқи отырыңыз: 

 

 

Жаңалықтар
0