14 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалығымен видеоконференция форматында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы басталды.
БҰҰ орнықты даму мен Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу үшін экономикалық ынтымақтастықты дамыту ниетін растау жоспарлануда. Кеңес отырысында одақтың климат туралы мәлімдемесі қабылданады.
Президенттер Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының өзекті мәселелері және ЕАЭК-ке мүше елдердің экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамытуды талқылады.
Күн тәртібіне тек климаттық өзгерістер ғана емес, ЕАЭО-ның ортақ мұнай мен мұнай өнімдері нарығын құрудың екінші кезеңіне көшу, ортақ газ нарығында тариф белгілеу мәселелері шығарылды.