Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Сингапурде Қазақстанға арналған қызғалдақтар көрмесі өтті – фото

Жазылу
Сингапурдегі Gardens by the Bay ғимаратында жүз мыңдаған қызғалдақтың хош иісі аңқып тұрғандай. Мұнда Қазақстан көрме өткізіп жатыр

Сингапурлықтар мен жалпы туристер үшін танымал орын саналатын Gardens by the Bay ("Бұғаз жанындағы бақшалар") саябағы көздің жауын алатындай көрікті гүлдерге толды. Мұнда Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған "Тюльпаномания" көрмесі өтіп жатыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстан қызғалдақтардың ежелгі отаны екенін насихаттау көрменің басты мақсаты болып отыр. Себебі алдымен Таяу Шығысқа, кейіннен Еуропаға қызғалдақ дәл осы қазақ даласынан жөнелтілген.

Gardens by the Bay шыны күмбезінің астына Жібек жолы базарлары, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің макеті, қазақ киіз үйі жайғастырылды. Киіз үй осы көрме үшін арнайы әзірленіп, Сингапурге арнайы рейспен жеткізілді.

Саябақ жетекшісі Феликс Лоудың айтуынша, аралдағы карантиндік шектеулерді есепке алғанда, көрмеге келушілер саны 200 мыңға жетуі әбден мүмкін.

Қазақстанның Сингапурдегі елшісі Аркен Арыстанов "Тюльпаноманияның" ашылу салтанатында бұл көрме екі ел арасындағы ынтымақтастыққа айрықша реңк беріп қана қоймай, Қазақстанды Жібек жолындағы маңызды буын және мәдениеті, дәстүрі мен рухы бай мемлекет ретінде танытуға ықпал етеді.

© REUTERS / LORIENE PERERAСингапурдегі Gardens by the Bay ("Бұғаз жанындағы бақшалар") оранжереясында ерекше көрме ашылды. Көрме ұйымдастырушыларының қатарында Қазақстан елшілігі де бар
Выставка Тюльпаномания в Сигнапуре - Sputnik Қазақстан
1/13
Сингапурдегі Gardens by the Bay ("Бұғаз жанындағы бақшалар") оранжереясында ерекше көрме ашылды. Көрме ұйымдастырушыларының қатарында Қазақстан елшілігі де бар
© REUTERS / LORIENE PERERAОранжереяның іші хош иісті қызғалдаққа лық толды
Выставка Тюльпаномания в Сигнапуре - Sputnik Қазақстан
2/13
Оранжереяның іші хош иісті қызғалдаққа лық толды
© Photo : Пресс-служба министерства иностранных дел Казахстана Жүз мыңдаған гүл көмкерген Gardens by the Bay алаңында Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің макеті де орналасқан
Выставка Тюльпаномания в Сигнапуре - Sputnik Қазақстан
3/13
Жүз мыңдаған гүл көмкерген Gardens by the Bay алаңында Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің макеті де орналасқан
© REUTERS / LORIENE PERERAКөрме аумағы қызғалдақтардан құрастырылған кілемше іспеттес
Выставка Тюльпаномания в Сигнапуре - Sputnik Қазақстан
4/13
Көрме аумағы қызғалдақтардан құрастырылған кілемше іспеттес
© REUTERS / LORIENE PERERAКөрмеге келушілер Ұлы Жібек жолының аялдамалары мен оазис элементтері түрінде бейнеленген экспонаттарға үлкен қызығушылық білдіруде
Выставка Тюльпаномания в Сигнапуре - Sputnik Қазақстан
5/13
Көрмеге келушілер Ұлы Жібек жолының аялдамалары мен оазис элементтері түрінде бейнеленген экспонаттарға үлкен қызығушылық білдіруде
© REUTERS / LORIENE PERERAGardens by the Bay ғимаратындағы әсемдікпен жабдықталған қазақ киіз үйі көпшілік назарын аударды
Выставка Тюльпаномания в Сигнапуре - Sputnik Қазақстан
6/13
Gardens by the Bay ғимаратындағы әсемдікпен жабдықталған қазақ киіз үйі көпшілік назарын аударды
© REUTERS / LORIENE PERERAКарантин шектеулеріне қарамастан, Сингапур тұрғындары мен қонақтары бұл көрмеге ерекше қызығушылық танытып отыр
Выставка Тюльпаномания в Сигнапуре - Sputnik Қазақстан
7/13
Карантин шектеулеріне қарамастан, Сингапур тұрғындары мен қонақтары бұл көрмеге ерекше қызығушылық танытып отыр
© REUTERS / LORIENE PERERAСингапурдегі көрмеге қойылған қызғалдақтарды көркем әрі ғажайып деп сипаттауға болады
Выставка Тюльпаномания в Сигнапуре - Sputnik Қазақстан
8/13
Сингапурдегі көрмеге қойылған қызғалдақтарды көркем әрі ғажайып деп сипаттауға болады
© REUTERS / LORIENE PERERAАқпарат стендтерінде қазақ киіз үйіндегі әрбір жабдыққа түсініктеме берілген
Выставка Тюльпаномания в Сигнапуре - Sputnik Қазақстан
9/13
Ақпарат стендтерінде қазақ киіз үйіндегі әрбір жабдыққа түсініктеме берілген
© REUTERS / LORIENE PERERA"Тюльпаномания" деп аталғандықтан, бұл шарада қызғалдаққа баса назар берілген
Выставка Тюльпаномания в Сигнапуре - Sputnik Қазақстан
10/13
"Тюльпаномания" деп аталғандықтан, бұл шарада қызғалдаққа баса назар берілген
© REUTERS / LORIENE PERERAКөрменің тағы бір бөлігі көне базар ретінде әсемделген. Мұнда гүлдер арасында түрлі тәтті мен жемісті көруге болады
Выставка Тюльпаномания в Сигнапуре - Sputnik Қазақстан
11/13
Көрменің тағы бір бөлігі көне базар ретінде әсемделген. Мұнда гүлдер арасында түрлі тәтті мен жемісті көруге болады
© REUTERS / LORIENE PERERAСингапурдегі Gardens by the Bay көрмесі қарашаның ортасына дейін созылады
Выставка Тюльпаномания в Сигнапуре - Sputnik Қазақстан
12/13
Сингапурдегі Gardens by the Bay көрмесі қарашаның ортасына дейін созылады
© REUTERS / LORIENE PERERAҚазақ киіз үйінің жабдықтары Сингапурдегі көрме үшін әзірленіп, арнайы рейспен жеткізілді
Выставка Тюльпаномания в Сигнапуре - Sputnik Қазақстан
13/13
Қазақ киіз үйінің жабдықтары Сингапурдегі көрме үшін әзірленіп, арнайы рейспен жеткізілді
Жаңалықтар
0