Денсаулық

D дәруменінің деңгейін көтеру үшін таңғы асқа не жеу керек

© Photo : RitaEБлины
Блины - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2021
Жазылу
Мамандар аптасына екі рет күн сәулесінде 5-30 минут болуға кеңес береді. Диетологтардың айтуынша, 70 жасқа дейінгі адамдарға күн сайын бұл витамин кем дегенде 600 МЕ мөлшерінде қажет

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан — Sputnik. Дәрігерлер ағзадағы D дәруменінің орнын толтыру үшін таңғы асқа не жеу керектігін айтты. 

Мамандар аптасына екі рет күн сәулесінде 5-30 минут болуға кеңес береді. Диетологтардың айтуынша, 70 жасқа дейінгі адамдарға күн сайын кем дегенде бұл витамин 600 МЕ мөлшерінде қажет. Ал 70 жастан асқардарға 800 МЕ керек, деп жазады MK.ru.

Алайда бәрінде күнге қыздырыну мүмкіндігі жоқ. Сондықтан диетологтар ағзадағы D дәруменінің орнын толтыру үшін ас мәзірін өзгерту маңызды деп отыр.

Бұл витаминді жұмыртқа, саңырауқұлақ пен байытылған сүттен алуға болады. Бәріне қарағанда майлы балық құрамында көп. Жабайы албырт балығының құрамындағы D дәруменінің мөлшері: 100 грамда 988 МЕ немесе бұл дәруменнің бір күндік қажеттілігінің 124%-і.

Бірақ бұл балықты таңғы асқа әзірлейтіндер көп емес. Сондықтан бутербродқа немесе қуырылған жұмыртқаға қақталған балық қосып жеуге болады.

Миға пайдалы өнімдер

Бұған дейін дәрігер-диетолог Елена Соломатина таңғы асқа құрамында В витаминдер тобы бар тағамды қосу керектігін айтқан болатын. Ол ағзаны "оятуға" көмектеседі.

Мұндай дәрумен тұтас дәнді, қарабидай наны мен тұтас дәнді ботқада бар. 

"Бұл витаминдер жүйке жүйесіне "допинг" болады. Өйткені В тобы дәруменінсіз матаболикалық процестер жүрмейді. Балалардың да, ересектердің де таңғы асының негізі", - деді ол. 

Дәрігер таңғы асқа жұмыртқа жеу керектігін атап өтті. Оның сарысының құрамында холин бар. Бұл ацетилхолин негізі. Ал ацетилхолин нейрондар арасында сигналды қамтамасыз ететін нейромедиатор.

Жаңалықтар
0