Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Әуезов театрының жаңа маусымы ашылды – фото

Жазылу
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 96-маусымы "Абай " спектаклімен ашылды

13 қазанда Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының кезекті маусымының шымылдығы түрілді.

Жаңа маусымның ашылуына театрдың әртістері мен режиссерлері қатысты. Олардың арасында театр және кино актері Саят Мерекенов, режиссер Алма Кәкішева, актерлер Бақтияр Қожа,Бекжан Тұрыс, Асылбек Боранбай мен актрисалар Дәрия Жүсіп, Шынар Жанысбекова қатысты.

Театр ұжымы атынан жиналған қауымға ізгі тілегін театр директоры Еркін Жуасбек білдірді.

"Өнерден қуат алмаса, тіршіліктің шырағы сөнеді, дейді ұлы Мұхтар Әуезов. Пандемия дедік, шектеу қойдық, бірақ адамның қарны тойғанымен, рухы қашан да аш болуы керек. Осы аштықтан сақтасын деп отырғанда, пандемияның да қатты кезеңі артта қалған сияқты. Сондықтан мынау сахна, мына көрермен залы сіздерді қатты сағынды, ағайын. Театрдың өмірі сіздердің қолдарыңызда, жүректеріңізде, шапалақтарыңызда", - деді театр директоры Еркін Жуасбек.

Дәстүрге сай жаңа маусымда Мұхтар Әуезовтің бір шығармасы сахналанады. Театр директоры мұны театрдың жазылмаған заңы деп атады. Осылайша 96-маусымның ашылуына жиналған көрермен "Абай" спектаклін тамашалады.

Маусымашарда көрерменге арнайы "Сахна сәттері" көрмесі ұйымдастырылды. Ол жерде кейінгі 40 жыл ішінде театр сахнасындағы тарихи сәттерден фотолар қойылды.

Толығырақ Sputnik Қазақстан фотолентасынан көріңіз.

© Sputnik / Тимур Батыршин13 қазанда Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 96-маусымы салтанатты түрде ашылды
Әуезов театрының жаңа маусымы ашылды – фото - Sputnik Қазақстан
1/13
13 қазанда Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 96-маусымы салтанатты түрде ашылды
© Sputnik / Тимур БатыршинМаусымашарға орай театр ішінде "Сахна сәттері" көрмесі ұйымдастырылды
Әуезов театры - Sputnik Қазақстан
2/13
Маусымашарға орай театр ішінде "Сахна сәттері" көрмесі ұйымдастырылды
© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin Timur"Сахна сәттері" көрмесіне cоңғы 40 жыл ішінде театр сахнасындағы тарихи сәттерден фотолар қойылды
Әуезов театры - Sputnik Қазақстан
3/13
"Сахна сәттері" көрмесіне cоңғы 40 жыл ішінде театр сахнасындағы тарихи сәттерден фотолар қойылды
© Sputnik / Тимур БатыршинАрасында ертеректе қолданылған фотоаппараттар да бар
Әуезов театры - Sputnik Қазақстан
4/13
Арасында ертеректе қолданылған фотоаппараттар да бар
© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin TimurТеатрының кезекті маусымының ашылуына театрдың әртістері мен режиссерлері қатысты
Әуезов театры - Sputnik Қазақстан
5/13
Театрының кезекті маусымының ашылуына театрдың әртістері мен режиссерлері қатысты
© Sputnik / Тимур БатыршинМаусымашарға қатысқандар арасында театр және кино актері Саят Мерекенов, режиссер Алма Кәкішева, актерлер Бақтияр Қожа, Бекжан Тұрыс, Асылбек Боранбай, актрисалар Дәрия Жүсіп Шынар Жанысбекова бар
Әуезов театры - Sputnik Қазақстан
6/13
Маусымашарға қатысқандар арасында театр және кино актері Саят Мерекенов, режиссер Алма Кәкішева, актерлер Бақтияр Қожа, Бекжан Тұрыс, Асылбек Боранбай, актрисалар Дәрия Жүсіп Шынар Жанысбекова бар
© Sputnik / Тимур БатыршинТеатр ұжымы атынан жиналған қауымға ізгі тілегін театр директоры Еркін Жуасбек білдірді. "Мынау сахна, мына көрермен залы сіздерді қатты сағынды, ағайын. Театрдың өмірі сіздердің қолыңызда, жүрегіңізде, шапалағыңызда", - деді ол
Әуезов театры - Sputnik Қазақстан
7/13
Театр ұжымы атынан жиналған қауымға ізгі тілегін театр директоры Еркін Жуасбек білдірді. "Мынау сахна, мына көрермен залы сіздерді қатты сағынды, ағайын. Театрдың өмірі сіздердің қолыңызда, жүрегіңізде, шапалағыңызда", - деді ол
© Sputnik / Тимур БатыршинДәстүрге сай жаңа маусымда Мұхтар Әуезовтің бір шығармасы сахналанады. Театр директоры мұны театрдың жазылмаған заңы деп атады
Әуезов театры - Sputnik Қазақстан
8/13
Дәстүрге сай жаңа маусымда Мұхтар Әуезовтің бір шығармасы сахналанады. Театр директоры мұны театрдың жазылмаған заңы деп атады
© Sputnik / Тимур Батыршин96-маусымның ашылуына жиналған көрермен "Абай" спектаклін тамашалады
Әуезов театры - Sputnik Қазақстан
9/13
96-маусымның ашылуына жиналған көрермен "Абай" спектаклін тамашалады
© Sputnik / Тимур БатыршинТеатр ішінде барлық санитарлық талап сақталған. Көрермен медициналық маскада отырды, көрермендер арасында арақашықтық сақталды
Әуезов театры - Sputnik Қазақстан
10/13
Театр ішінде барлық санитарлық талап сақталған. Көрермен медициналық маскада отырды, көрермендер арасында арақашықтық сақталды
© Sputnik / Тимур Батыршин"Абай" спектаклін сахнаға 90-ға жуық актер алып шықты
Әуезов театры - Sputnik Қазақстан
11/13
"Абай" спектаклін сахнаға 90-ға жуық актер алып шықты
© Sputnik / Тимур БатыршинҚазақтың бас ақыны Абайдың рөлін актер Азамат Сатыбалды, Әйгерімнің рөлін Дәрия Жүсіп сомдады
Әуезов театры - Sputnik Қазақстан
12/13
Қазақтың бас ақыны Абайдың рөлін актер Азамат Сатыбалды, Әйгерімнің рөлін Дәрия Жүсіп сомдады
© Sputnik / Тимур БатыршинҚойылымның қоюшы-режиссері Есмұхан Обаев, қоюшы-суретші Есенкелді Тұяқов
Әуезов театры - Sputnik Қазақстан
13/13
Қойылымның қоюшы-режиссері Есмұхан Обаев, қоюшы-суретші Есенкелді Тұяқов
Жаңалықтар
0