Қоғам

Нұр-Сұлтан тұрғыны екі жасар сәбиді тонап кетті – видео

Ребенок - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Қыз қонақүйде баспалдақпен көтерілген. Төмен түсіп келе жатқан әйел одан гаджетін тартып алған

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 34 жастағы қала тұрғыны екі жасар нәрестеден "Самсунг А-21" ұялы телефонын тартып алды. Баланың анасы полицияға арызданды.

Елорда полиция департаментінің мәліметінше, қыздың анасы қонақүйде әкімші болып жұмыс істейді.

Қылмыс жасалған күні әйел жұмыс орнында кішкентай баласымен болған. Ол қызына смартфонын беріп, екінші қабатқа көтерілген. Оқиға бейнебақылау камерасының объективіне түсіп қалды.

Видеоға қарағанда, қыз баспалдақпен көтеріліп бара жатқанда әйелді кездестірген. Ол баланың қолындағы телефонды көріп, оны алып кеткен.  

Полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, қылмысқа қонақүйдің бұрынғы клиентінің қатысы бар екенін анықтады.

"Бірнеше сағат ішінде әйел ұсталып, полицияға жеткізілді. Ол бұрын сотталған 34 жастағы қала тұрғыны болып шықты", - деп хабарлады елорда полиция департаменті.

Күдікті кінәсін мойындады, ұрланған телефон иесіне қайтарылды. "Тонау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазақстанның Қылмыстық кодексіне сәйкес, мұндай іс-әрекетке 2 мың АЕК-ке дейін (6 миллион теңгеге жуық) айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 1000 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 4 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.  

Нұр-Сұлтан полиция департаменті азаматтардан кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Жаңалықтар
0