Экономика

Мемлекет басшысы пандемия жайлы: ЕАЭО елдері әлі де қиын жағдайда тұр

© Sputnik / Таалайбек Ороскулов ЕАЭО елдері туы
 ЕАЭО елдері туы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2021
Жазылу
Мемлекет басшысы пандемия кезінде ресейлік "Спутник V" вакцинасын Қарағанды зауытында өндіру жобасын интеграциялық ынтымақтастықтың ерекше үлгісі деп атады

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО елдерін коронавирус індетін еңсеру үшін бірігуге шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президенттің айтуынша, пандемияға қарсы күрестегі елеулі жетістіктерге қарамастан, ЕАЭО елдері әлі де қиын жағдайда тұр. Коронавирустың жаңа штаммдарының пайда болу қаупі мен азаматтарды вакциналау деңгейінің жеткіліксіздігі сақталуда.

"Сіздер білесіздер, Қазақстан Ресеймен қатар өзінің QazVac вакцинасын әзірлеп шығарды. Ол Қазақстанда белсенді қолданылуда. Қазір оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеу процесі жүріп жатыр", - деді Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.

Мемлекет басшысы пандемия кезінде ресейлік "Спутник V" вакцинасын Қарағанды зауытында өндіру жобасын интеграциялық ынтымақтастықтың ерекше үлгісі деп атады.

"Бұдан әрі бізге пандемияны сәтті еңсеру үшін күш-жігер біріктіріп, ғылым, фармацевтика саласында бірлескен жобалар әзірлеп, қажет болғанда санитарлық-эпидемиологиялық режимдерді бекіту бойынша іс-қимылды үйлестіру керек деп ойлаймын", - деді Қазақстан президенті.

Президент ЕАЭО елдерінің экономикасы біртіндеп қалпына келіп жатқанын айтты.

Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметінше, осы жылдың бірінші жартыжылдығында одақтың жалпы ішкі өнімі 4,5%-ке өскен. Жиынтық жалпы ішкі өнім 900 миллиард долларға жетті.

Бұған қарамастан, Тоқаевтың айтуынша, сыртқы қауіп-қатерлер мен белгісіздік факторлары әлі де жоғары.

14 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы онлайн өтті.
Президенттер Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының өзекті мәселелері және ЕАЭК-ке мүше елдердің экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамытуды талқылады.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0