Мәскеу үшін шайқасқа 80 жыл толуына орай Бауыржан Момышұлының есімі берілген Ресейдің Зеленоград қаласындағы көне мектептердің бірінің оқушылары "Шегінерге жол жоқ, артымызда Мәскеу!" жобасына қатысты.
Желіде шайқас болған жерде, Крюково станциясының маңында орналасқан мектептің он бірінші сынып оқушылары жасаған видео жарияланды.
Жоба авторлары атап өткендей, мектеп – Зеленоградтағы ең көне оқу орындарының бірі. Оның негізі ХІХ ғасырдың соңында қаланған.
1941 жылы оқушылар мектепті бітіру кешінен майданға аттанды. Көптеген ұл мен қыз соғыстан оралмады.
Мектепке қазақ батырының есімі кездейсоқ берілмеген. 1941 жылдың қарашасында Крюково елді мекенінің маңында аты аңызға айналған Панфилов дивизиясының жауынгерлері жанқиялық ерлік көрсетті. Мәскеуді қорғау жолында Момышұлы да шайқасты.
2010 жылы мектепте Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің көмегімен Момышұлы музейі ашылды, білім мекемесінің ауласына оның қола бюсті орнатылды.