Өңірлер

Шымкентте мектеп директоры 7,5 жылға сотталып кетті

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСудебное заседание, архивное фото
Судебное заседание, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2021
Жазылу
Сотта мектеп директорының өз қызметкерлерін пара беруге итермелегені анықталды. Сонымен қатар білім басқармасының маманы 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан – Sputnik. Шымкентте мұғалімдердің біліктілігін арттыру туралы жалған куәлік жасаумен айналысқан білім басқармасының маманы мен №96 мектептің бұрынғы директоры сотталды.

Олар сөз байласып, мұғалімдердің тестен сүрінбей өткенін көрсететін сертификат пен куәліктерді бірнеше рет қолдан жасап, саудаға салған. Бұл іспен 2018 жылдан бастап айналысып келген, деп хабарлады Хабар 24.

Жалған анықтаманы 340 педагогтың алғаны белгілі болды. Оларға біліктілігін арттырғаны үшін үстемақы төленген.

Ұстаздардың басым бөлігі сотқа дейін бюджеттен заңсыз алып келген қаржыны қайтарып үлгерген. Бұл сома 210 миллион теңгені құрады.

Сотта мектеп директорының өз қызметкерлерін пара беруге итермелегені анықталып, ол 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал экс-шенеунік 4 жыл мерзімге сотталды.

"Сотта белгілі болғандай, сотталушылар білім беру ұйымдарының мұғалімдерін 2018 жылдың мамыр айынан қараша айына дейінгі аралықта алдап, сенімге кіру арқылы аттестаттар мен тестілеуден өткендігі туралы куәліктерді бірнеше рет жасап, саудаға салған. Осы арқылы жәбірленушілерден ақы алып келген", - деді қалалық Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Сәбит Төреханов.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0