Оқиға

Видео жариялады: бойжеткенге көмекке барған жігіттің туысы жанайқайын жеткізді

© Sputnik / Владислав ВодневМашина скорой помощи
Машина скорой помощи - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2021
Жазылу
Ол ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды. Аса ауыр хәлде жатыр. Тыныс алуы қиындады, сөйлей алмайды. Мұны видеодан көруге болады

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан — Sputnik. Алматыда бойжеткенге көмекке барған ер адам көптеген жарақат алып, ауруханаға түсті. Қалалық полиция оқиғаға қатысты ақпарат берді.

Жігіт туысының жанайқайын Instagram-пабликтердің бірі жариялады.

"Қазанның 7-нен 8-не қараған түні Айдарға түн ішінде таныс бойжеткен хабарласып, алып кетуін сұраған. Мекенжай бойынша жеткенде танысы жігітімен сөзге келіп қалғаны белгілі болды. Екі жігіт арасында жанжал туындап, Айдарға бірнеше жерден пышақ сұқты. Ол ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды. Аса ауыр хәлде жатыр. Тыныс алуы қиын, сөйлей алмайды. Мұны видеодан көруге болады", – деді зардап шеккен жігіттің туысы.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта зардап шеккен жігітті кінәлі етуге тырысып жатыр. Тәртіп сақшылары куәгер жауаптарын өзгертуді талап етіп отыр. Операция жасалғанына 4 күн ғана болса да, ауруханадан шығармақ, деп жазады КТК телеарнасы.

Оқиғаға қатысты Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов түсініктеме берді.

"Бұл факт Наурызбай ауданы полиция басқармасында тіркелді. Аудандық басқарма қызметкерлері тергеу жүргізеді. Тергеу барысы бақылауға алынды", – деп жазды ол жазба астындағы пікірде. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0