Экономика

ЕАЭО басшылары одақтың климат туралы мәлімдемесін қабылдайды – Тоқаев

© Photo : СС0 / PexelsАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2021
Жазылу
ЕАЭО елдері лидерлерінің ортақ мәлімдемесін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес барысында қабылдау жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан – Sputnik. ЕАЭО мемлекет басшылары 14 қазанда өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында одақтың климат туралы мәлімдемесін қабылдауды жоспарлап отыр.

Бұл туралы "Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолдары және Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы" халықаралық конференция кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

"Ертең ЖЕЭК отырысында мемлекет басшылары одақтың климат туралы мәлімдемесін қабылдауды көздеп отыр. БҰҰ орнықты даму мен Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу үшін экономикалық ынтымақтастықты дамыту ниетін растау жоспарлануда", - деді Қазақстан басшысы.

Сондай-ақ Тоқаев Қазақстан 2050 жылға дейін бүкіл көмір электр стансасының жұмысын тоқтатуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

"Жобаға сәйкес 2050 жылға қарай барлық көмір электр стансасы қолданыстан шығарылады. 2060 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің үлесі елдің жалпы энергия балансының 80%-інен асады", - деді  Тоқаев және аталған норма көміртегі бейтараптылығы жөніндегі кешенді жоспар жобасында бар екенін нақтылады.

Айта кетері, Беларусь бастамасымен 14 қазанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бейнебайланыс режимінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді.

Оқи отырыңыз: Президент БҰҰ-да Қазақстандағы құрғақшылық туралы айтты

Президенттер Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының өзекті мәселелері және ЕАЭК-ке мүше елдердің экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамытуды талқылайды.

Күн тәртібіне тек климаттық өзгерістер ғана емес, ЕАЭО-ның ортақ мұнай мен мұнай өнімдері нарығын құрудың екінші кезеңіне көшу, ортақ газ нарығында тариф белгілеу мәселелері шығарылады.

Жаңалықтар
0