Өңірлер

Қарағандылық әйелдің өлімі: аттракцион инструкторы қамауға алынды

© Sputnik / Тимур БатыршинКісен, архивтегі сурет
Кісен, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2021
Жазылу
Отыз екі жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, қазір тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik. Қарағандыда "тарзанка" типті аттракционда болған жазатайым оқиғадан кейін 32 жастағы инструктор қамауға алынды.

"Тергеу барысында қауіпсіздік техникасын өрескел бұзған 32 жастағы аттракцион инструкторы анықталды. Күдікті ҚПК 128-бабы тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

Полиция қазір тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Еске салсақ, 10 қазанда Қарағандыда "тарзанка" типті аттракционда жазатайым оқиға болды. 33 жастағы әйел тоғыз қабатты ғимараттың төбесінен секіру кезінде ауыр жарақат алды. Дәрігерлер оны аман алып қала  алмады.

Полиция Қылмыстық кодекстің 306-бабы 1-бөлігі "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету" бойынша қылмыстық іс қозғады.

Әлеуметтік желіде оқиғаның қалай болғаны түсірілген видео жарияланды. Марқұмның туыстарының айтуынша, қайғылы оқиғаға дұрыс бекітілмеген арқан себеп болған.

Марқұмның артында үш баласы қалды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0