Мәдениет

Димаш Қытайда қандай жаңа жобаға қатысатынын айтып берді – видео

© Photo : dimashnews.comДимаш
Димаш - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2021
Жазылу
Әнші шоудың түсірілімі үшін Бейжіңнен Уси қаласына бара жатқанын айтты

АЛМАТЫ, 12 қазан – Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайда телешоуға қатысатынын хабарлады.

"Бұл жобада Қытайдың атақты әртістері 4-5 адамнан тұратын топтарға бөлініп, топ болып өнер көрсетеді. Бұл ән байқауы емес", - деп нақтылады әнші.

Жобада белгілі әнші, актер, рэп орындаушылары, бишілерден тұратын топ құрып, команданы финалға шығару керек, деп жазды Димаш.

Ол өз жанкүйерлеріне бұл тележоба қызық болатынын жеткізді. Әнші шоудың түсірілімі үшін Бейжіңнен Уси қаласына бара жатқанын айтты. Ал әншінің жанкүйерлері оған сәттілік тіледі.

Бұған дейін әнші Қытай сахнасына қайта оралғанына қуанышты екенін айтты.

"Екі жылдан кейін Қытай сахнасына қайта оралғаныма қуаныштымын!", - деп жазды әнші өзінің Weibo парақшасында.

Ол сонымен қатар Қытайға ертерек оралғысы келгенін, бірақ пандемия барлық жоспарын өзгерткенін атап өтті.

Айта кетері, бұған дейін қазақстандық әнші "әлемдік шоу-бизнесте жұмысын жалғастыру үшін" Қытай сахнасына қайта оралуға ниетті екенін мәлімдеген.

Димаштың айтуынша, оған Қытайдан да, басқа елдерден де фильмдерге түсуге көптеген ұсыныс түскен.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0