Видео

Депутат Қазақстанда неліктен мұғалім мен мектеп жетіспей жатқанын түсіндірді – видео

Жазылу
Қазақстан мектептерінде мұғалім жетіспейді. Электронды еңбек биржасының мәліметінше, бүгінде білім саласында 18 мың бос жұмыс орны ашылған. Парламент мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова Sputnik Қазақстан тілшісіне мұның себебі неде екенін айтып берді 

Ирина Смирнова 20 жыл бойы бірнеше қазақ мектебінде директор болған. Оның пікірінше, 2025 жылға қарай мұғалім жетіспеушілігі мәселесі ушыға түсуі мүмкін, себебі елде халық саны артып келеді, ал оқушы орны қазірдің өзінде жеткіліксіз.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төрт жыл ішінде 1000 жаңа мектеп салуға тапсырма берді.  

"Бұл мектептерде біреу жұмыс істеуі керек екені түсінікті. Әр салынатын мектепте кемінде жүз мұғалім еңбек етеді. Тіпті 18 мың мұғалім туралы көрсеткіш одан да жоғары болуы мүмкін. Өйткені Қазақстанда туу көрсеткіші жоғары және мектепке баратын бірінші сынып оқушылары көп", - деді депутат Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Өткен жылы біздің елде 425 мың бала дүниеге келді. Мұндай көрсеткіш 1987 жылдан бері алғаш рет тіркеліп отыр.

"Қазір халық саны ол кездегіден аз. Бірақ бір жылда қанша бала дүниеге келгенін қараңызшы", - дейді депутат.

Оның айтуынша, биыл республикада 500 мың адам дүниеге келеді. Ал бұл көрсеткіш жыл сайын өсе береді.

"Егер бүгін ештеңе жасалмаса, 2025 жылға қарай миллион адамға парта жетіспеуі мүмкін. Сондықтан ел өте қысқа мерзімде мың мектеп салуға кірісіп, дұрыс қадам жасап отыр. Бұл үшін мұғалімдерді де дайындау қажет", - деді Ирина Смирнова.

Ол бүгінде еліміздің үш мегаполисінде: Нұр-Сұлтанда, Алматыда, Шымкентте, сондай-ақ Ақтөбеде және Түркістан облысында мектеп қатты жетіспей жатқанын атап өтті. Елде барлығы 7475 мектеп жұмыс істейді, оларда 3,4 миллион бала оқиды.

Sputnik Қазақстан видеосында осы және өзге де мәселелер туралы айтылады.  

Жаңалықтар
0