НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан – Sputnik. Бір тәулікте Қазақстанда коронавирустан 29, пневмониядан төрт адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
11 қазандағы мәлімет бойынша, 53 751 адам коронавирус инфекциясынан (46 626 коронавирустан және 7 125 пневмониядан) емделуде, олардың ішінде 9 653 пациент стационарда, 44 098 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандардың арасында:
- 696 адамның жағдайы ауыр,
- 194 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 127 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
Оқи отырыңыз:
Қазақстанда вакцина алғандар ғана жұмысқа жіберіледі
Министр Цой вакцинаны қайта салу шарасы туралы айтты