Өңірлер

Қарағанды облысында бірқатар қалааралық автобусқа билет сатылмай жатыр

© Sputnik / Сергей ВенявскийАвтобус на трассе, архивное фото
Автобус на трассе, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2021
Жазылу
Демалыс күндері жанармай тапшылығы салдарынан жүруге тиісті автобустардың тек 70 проценті жолға шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан – Sputnik. Қарағанды облысында қоғамдық көліктерге құятын жанармайдың тапшылығынан бірқатар қалааралық бағытқа билет сатылмай жатыр. Бұл туралы автовокзал өкілдері хабарлады.

Ал әкімдік мәселе апта соңына дейін шешімін табады деп отыр. Себебі өңірге Ресейден жанармай жеткізілуге тиіс, деп хабарлады Хабар 24.

Қарағандылықтар дизель тапшылығының салдарын демалыс күндері қатты сезінгені рас. Жүруге тиісті автобустардың желіге тек 70 проценті шыққан. Қалғаны қаңтарылып тұрды.

"Нөмірі екінші автобус паркінде шамалы мәселе туындап, өткен демалыс күндері дизель тапшылығы салдарынан Қарағанды-Ақадыр бағыты бойынша автобус жүрмей қалды. Бұл мәселе апта соңына дейін шешіледі деп жоспарланып отыр", - дейді  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Қазыбек Мақышев.

Қаладағы автобустарға күніне 45 мың литрге жуық дизель керек. Өткен аптада тек 35 мың литр жеткізілген. Ал көлік жүргізушілері жанармайдың аталған түрі тек талонмен беріледі деп наразы. 

"Біздің компания жанармайды сатып алады, сондықтан талонмен аламыз. Қалааралық қатынас бойынша дизель тапшылығы сезіледі. Кейбірі бір адамға тек 100 литр сатып жатыр", - дейді көлік жүргізушісі Сергей Савицкий.

Ал Юрий Гончаров Қазақстанда дизель отыны көрші елдермен салыстырғанда 100 теңгеге дейін арзан екенін айтады.

"Салдарынан біздің ел арқылы өтетін транзиттік фуралар осы жақтан құйып алады. Олардың багына 800 литрден 1,5 тоннаға дейін сиып кетеді.  Бұл өте үлкен шығын. Әйтпесе Павлодар мұнай өңдеу зауыты жөнделіп жатса да ішкі нарыққа біздің жанармай жетуге тиіс еді. Сондықтан транзиттік көліктер мәселесін үкімет көлемінде шешу керек", - дейді көлік жүргізушісі. 

Оқи отырыңыз: Депутат "солярка" тапшылығын шешетін тың ұсыныс жасады 

Әлеуметтік желіде бензинге де тапшылық туындауы мүмкін деген бейнежазба тараған. Артынша жүргізушілер тапа-тармағай жанармай бекеттеріне жүгірген. Алайда жергілікті билік бұл қауесеттің шындыққа жанаспайтынын айтты.

"Гелиус жанармай бекетіндегі жағдайға келсек, вагондардың кешігуіне байланысты АИ-92 маркалы бензин уақытында жеткізілмеді. Басқаларында мұндай проблема жоқ. Гелиусқа АИ-92 отыны осы жұманың соңына дейін әкелінеді", - деп түсіндірді  қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Әлімбек Дүйсембеков.

Мамандар дизель отыны тапшылығына отын жеткізуші компаниялармен ұзақ мерзімді келісімшарт жасалмағаны себеп болды деп отыр. Осы апта соңында автопарктерге Ресейден жағармай жеткізіледі. Ал облыс әкімі аппараттық жиында келесі айдан бастап жанармай тапшылығы мүлде жойылады деп сендірді.

Жаңалықтар
0