Видео

Жауынгер жүзушілер бөлімшесі қарақшылар кемесін "басып алды" – видео

Жазылу
Қазақстанның жауынгер жүзушілері кез келген уақытта кино кейіпкері Джеймс Бондпен бәсекелесе алады

Қазақстанның қорғаныс министрлігі жариялаған видео блокбастерлердің біріндегі оқиғаны еске түсіреді. Оқу-жаттығу әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік жүзушілері жаттығатын Каспий теңізінің акваториясында өтті.  

Жүзушілер тікұшақтан және катерден суға түсу дағдысын жетілдірді. Әскерилердің міндетіне су астында шайқасу, оқ ату, сондай-ақ жау кемесіне жасырын кіріп, басып алу бұйрығы кірді.

Қорғаныс министрлігінің видеосына қарағанда, барлық тапсырма мінсіз орындалған. Су астында жүргізілген операцияның бейнероликтері жауынгер жүзушілердің шеберлігі жоғары екенін көрсетеді.

Қазақстанның Әскери-теңіз күштері құрамындағы сүңгуірлер ротасы 2004 жылы құрылған.

Оқу-жаттығу қалай өткені туралы қорғаныс министрлігінің видеосынан көріңіз.

Жаңалықтар
0