Саясат

Тоқаев халықаралық конференцияға қатысады

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2021
Жазылу
Конференцияға БҰҰ-ның жоғары лауазымды тұлғалары, халықаралық сарапшылар, бизнес және азаматтық қоғам өкілдері бас қосады

АЛМАТЫ, 11 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Париж келісімінің мақсатына және Қазақстанның көміртегіне бейтараптығына қол жеткізу жолдары" халықаралық конференциясына қатысады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Конференция 13 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

"Іс-шараның мақсаты – Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына жету жолдарын, экономикалық және әлеуметтік мүмкіндіктердің басым бағыттарын және көміртегі бейтараптығына көшу үшін қомақты қаражат жұмылдырудың маңыздылығын талқылау", - деп жазды Уәли Facebook парақшасында.

Конференцияға БҰҰ-ның жоғары лауазымды тұлғалары, халықаралық сарапшылар, бизнес және азаматтық қоғам, қаржы институттары, даму жөніндегі серіктестер мен БАҚ өкілдері қатысады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0